Отан алдындағы борышыңды өте!
Елімізде мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында 6700-ден астам бозбала әскерге аттанады.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін әскерге шақырылушылар әскери бөлімге келгеннен кейін ПТР-зерттеуден өтіп, екі апталық карантинге орналастырылады. Ол уақытта медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетіледі.
Әскердегі қызмет – әрбір ер адамның ар-намысы мен ұстанымының ісі. «Менің әкем және ағам әскерде қызмет еткен. Енді әскери парызымды орындап, Отан қорғаудағы менің кезегім келді», – дейтін әр азаматтың қасиетті борышы.
Үш апта бойы жиын әкімшілігінің офицерлері мен сержанттары шақырылуышыларға әскери істің қыр-сырын үйретіп, «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңның ережелері мен жалпыәскери жарғылармен таныстырады.
Жас толымдар оқу курсын аяқтағаннан кейін, әскери ант қабылдайды. Көктемгі шақыру 2021 жылғы 28 маусымда аяқталады.
Жалпы алдымызда 7-мамыр «Отан қорғаушылар күні» келе жатыр. Еліміздің барлық аймағында қарулы күштеріміздің айбынды әскеріне деген шексіз құрметтің тағы да арта түсетін қасиетті датасы бұл. Барлығы да 1991 жылы басталған еді. 1991 жылы, әскерімізге қатысты келесідей шешімдер шығарылды: 25 қазан - Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы», «Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» және «Жолдас Нұрмағамбетовті тағайындау туралы» жарлықтары шығарылды. Оған Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы қол қойды. 10 желтоқсан - Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойылды. 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.
Артынша 1992 жыл Қазақстан әскерінің тәуелсіз елдің әскері ретінде жасақтау іске аса бастады. 13 қаңтар - «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Заң қабылданды. 10 қаңтар - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ішкі әскерлер туралы» Заңы қабылданып, іске аса бастады. 16 наурыз - Республикалық ұлан құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. Республикалық гвардияның екі полкі Ақмола (Нұр-Сұлтан) және Алматыда орналасқан.
7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне айналдыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына қол қойылды , С.Қ.Нұрмағамбетовке генерал-полковник әскери атағын беру туралы және генерал-полковникті тағайындау туралы, артынша С.Қ.Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ретінде тағайындалды. Қыркүйек айының басында Қазақстанның Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен келісімдері бойынша Тәжікстан Республикасының Таулы Бадахшан облысына Ресейдің шекарашыларын күшейту үшін 35-ші жеке күзетшілердің десанттық-шабуылдау бригадасының батальоны жіберілді. Азамат соғысы жылдарында тәжік-ауған шекарасын күзетуді біздің сарбаздарымыз абыроймен атқарып, тіпті 54 азамат сол соғыста қаза тапты. 1 қараша - бұрынғы Түркістан әскери округінің 40-армиясының құрамалары мен бөлімдері негізінде штаб-пәтері Семейде орналасқан Қазақстандағы алғашқы армия корпусы құрылды. Кейінірек оның негізінде Шығыс әскери округі құрылды, 2003 жылдың 13 қарашасында қазіргі «Шығыс» аймақтық қолбасшылығы болып қайта құрылған еді.
25 тамыз - әскери ант жасалды және қабылданды. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы қарулы күштерде бір жыл ішінде іске асқан реформалар болатын.
Еліміздің әскери басқару функциясы келесідей негізде жүзеге асады. Оны әскер қатарына енді шақыртылып, борышын өтеуге аттанатын жастар білуі тиіс. Сонымен әскери қызмет былай жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы - бұл елдің президенті, ол әскери ұйымның құрылысын, дайындықтары мен пайдаланылуын, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Парламенті әскери қауіпсіздік және мемлекеттің қорғанысы туралы заңдар қабылдайды, соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешеді, Қарулы Күштерді бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды, халықаралық шарттарды бекітеді және денонсациялайды. Ал Қазақстан Республикасының Үкіметі Қарулы Күштерді қарумен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруды, оларды қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, қорғаныс, азаматтық және аумақтық қорғаныс мүдделері үшін ел аумағын жедел жабдықтауды ұйымдастырады, стратегиялық объектілердің тізбесін айқындайды физикалық қорғауға, Қарулы Күштер штатының санына, барлық табиғи ресурстарды қорғаныс қажеттіліктеріне беру және пайдалану тәртібіне жауап береді. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің Бас штабы арқылы Қарулы Күштерге бейбіт уақытта орталықтандырылған басшылықты жүзеге асырады, елдің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешеді, негізгі бағыттардың дамуын үйлестіреді. Әскери реформаны, Қарулы Күштерді дамыту бағдарламаларын, олардың құрылымы мен штаттық күшін анықтайды, мемлекетте біртұтас әскери-техникалық саясат жүргізеді, халықаралық әскери ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы әскери реформаның негізгі бағыттарын, Қарулы Күштерді құру және дамыту жоспарларын, олардың жедел, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын әзірлейді, Қарулы Күштерді пайдалануды жоспарлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Қорғаныс мүддесінде ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын жасайды. Дәл сол сияқты әскери әдістермен тапсырмаларды орындауға арналған басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға басшылық жасалады - бұларға Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі кіреді. Қазақстан Республикасы Комитеті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғанысты басқару органдары.
Міне, әскери басшылық пен қызмет осылай іске асады. Ал елдің қорғанысын өз мойнына борыш еткісі келетін жандар 28-маусымға дейін отан алдындағы борышын өтеуге аттанатынына сенімдіміз.
Abai.kz