Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5069 0 пікір 30 Сәуір, 2012 сағат 08:35

Ұлтын ұрғанға ұпай

«Нобель сыйлығы өз ұлтын, өз елін сынап, жамандап, жерге ұрғандарға беріледі» - деген пікірді жиі естимін. Әй, қайдам! Өз басым бұған сенбеймін. Өйткені, Нобель сыйлығының басты ұстанымы осы болса, қазақ болуға намыстанатын, орыс болғысы келсе, онысын қысық көзі әшкерелеп беретін, бірақ өздерін әлемдік дамудың алдыңғы сатыларынан көретін, өздерін «шалақазақ» деп атауды ұнататын (орыстілді қазақтардың бәрі емес, әрине) ат төбеліндей топ ешкімге бәйге бермес еді. «Тегін даттау» талабы рас болған күннің өзінде, оған қоса талантты да болуы керек секілді. Сол жағы кемшін. Сондықтан қанша жерден «көк тіреп тұрмын» дегендердің арасынан сыйлықты алған бізде ешкім жоқ.

Есесіне, кейбір орыс тілінде жарық көретін басылымдардың «жұлдыздары» - солар. Мақаласы мен сұхбатын жер көкке тигізбей басады. Сұхбат керек болса, әлгілерге жетіп барады.

«Нобель сыйлығы өз ұлтын, өз елін сынап, жамандап, жерге ұрғандарға беріледі» - деген пікірді жиі естимін. Әй, қайдам! Өз басым бұған сенбеймін. Өйткені, Нобель сыйлығының басты ұстанымы осы болса, қазақ болуға намыстанатын, орыс болғысы келсе, онысын қысық көзі әшкерелеп беретін, бірақ өздерін әлемдік дамудың алдыңғы сатыларынан көретін, өздерін «шалақазақ» деп атауды ұнататын (орыстілді қазақтардың бәрі емес, әрине) ат төбеліндей топ ешкімге бәйге бермес еді. «Тегін даттау» талабы рас болған күннің өзінде, оған қоса талантты да болуы керек секілді. Сол жағы кемшін. Сондықтан қанша жерден «көк тіреп тұрмын» дегендердің арасынан сыйлықты алған бізде ешкім жоқ.

Есесіне, кейбір орыс тілінде жарық көретін басылымдардың «жұлдыздары» - солар. Мақаласы мен сұхбатын жер көкке тигізбей басады. Сұхбат керек болса, әлгілерге жетіп барады.
Ал бұл басылымдардың мақсаты тайға таңба басқандай анық: ол - қазақты қазақтың қолымен тұқырту, қазаққа өз қолымен от көсету. Әйтпесе, «Қазақстан журналистикасының көшбасшысы» санайтын басылымдардың журналистиканың қарапайым қағидаларын сақтамауын неге жоримыз? Мәселен, «Время» басылымынан сыни материалдармен қатар қазақ тілін қолдаған, қазақ халқына қатысты жылы материал, жылы лебіз оқып көрдіңіз бе? Пікір саналуандығы деген қайда? Тақырыптарына қараңызшы: | «Канат КАБДРАХМАНОВ: Государствообразующий этнос - это нонсенс» (25 апреля 2012), «Кто не выдавил раба?» 5 сәуір 2012, «Нацпатология. Кому помешали Канаш Камзин и Михаил Кутузов?» (19 сәуір 2012) «Зачем рабам свобода? Как это будет по-казахша?»
Мәтінге бір ғана мысал келтіре кетейік. «Время» газетінің 26 сәуірде Данияр Әшімбаевтан алған сұхбатынан үзіндіні сол қалпында берейік. («Казахи за независимость не боролись»). «Теперь в Казахстане самая большая проблема - шала-казахи, те, кто удерживает нацию от мракобесия и мамбетизма (прошу прощения, если кого-то этим словом обидел). Давайте будем с ними бороться. Пусть они все уедут, а мы построим правильное национальное государство. И будем говорить друг с другом только по-казахски. Только непонятно, о чем. И кто будет тащить страну вперед?
Я бы все эти национальные изыскания выразил так. Представьте: северные олени проходят стадию национального возрождения, пытаются восстановить исконные традиции оленеводства и активно ведут античукотскую деколонизацию, не понимая, что оленеводство является традицией чукчей, а не оленей». Ауруханада жатқан Мұхтар Шаханов бұл туралы «Енді көрмегенді қазақ солардан көретін болды. Мұндай шалақазақтар үлкен күшке айналды. Билік органдарында отырғандардың дені солар», - деді қынжыла.
Сол басылымдардың басты нысанасы - қазақ ұлтшылдары. Бұған да келісуге болар. Идеологиялық көзқарас қайшылығы, пікірталас, күрес деген бар. Әйтсе де, шектен шығып, бүкіл қазақты, қазақтілділерді, қазақтың тарихын, қазақтың мәдениетін көпе-көрнеу мазақ ету, жоққа шығарушылық қайта белең алды. Тіпті әр нөмір сайын қазақты қаралайтын бір материал шықпаса, іштері ауыратын халге жетті. Тіліне, дініне, нәсіліне, әлеуметтік ортасына қарай кемсітушілікке жол бермейтін Ата Заңымызды аяққа таптаудан именбейтін болды. Қоғамның бөліктерінің арасына алауыздыққа түрткі болып жатса да, «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» болып тұр.


Тақырыпқа орай

Мұхтар Тайжан:

«Бөлшекте де, билей бер» - дегеннің кері

Мен Фейсбукте: «Өз халқын «бұғыға» теңеген адамның шіріген жұмыртқадан артық жері жоқ» - деп жаздым. Данияр Әшімбаев - мәңгүрт. Ол өзін «қазақ емеспін, қазақстандықпын» - деп есептейді сұхбаттарында. Қазақ тілінде «тек қана өмірбаянды, соның өзін сөздікпен» оқи алады екен. Рахман Алшанов осындай ұлды қалай тәрбиелеген? Бұл - ұят! Данияр Әшімбаевтың жақын досы - Нұрлан Ерімбетов. Ол «Мен қарапайым орыс жігітімін» деп сөйлейді. Жарайды, Нұрлан Ерімбетовтің «орыс жігіті» болуына толық құқығы бар. Олардың тағы бір досы Жәнібек Сүлеев «нағыз қазақтар» мен «шалақазақтардың» арасына ши жүгіртіп, от тастап жүр.
Орыстандыру саясатының кесірінен, Кеңес Одағы кезінде қазақтардың бір бөлігі қазақ тілін ұмытып қалды. Қазақша білмейтін, қала қазақтарының ішінде ұлтжандылар аз емес. Оны анық білемін. Қазақ тілін жақсы білгендердің ішінде де сатқындар мен опасыздар көп. Оларды да көріп жүрміз.
Бұдан кейін «Время» басылымы мен «zona.kz» сайтына сұхбат бермеймін деп шештім. Мизинов те осындай саясат жүргізіп жүр. Бұл ақпарат құралдары «Бөлшекте де, билей бер» деген ұстанымға сүйенеді. Егер қазақтар бір-біріне жауығып жүрсе, билік біздің қолымызда болмайтыны түсінікті. Олар әрі қарай да отаршыл саясатты жүргізе береді. Оларға халықтың бірлігі болмауы керек.
Ашаршылық жылдары Қазақстанда 370-ке жуық көтеріліс болған. ХІХ ғасырда Сырым Датовтан бастап, Кенесары, Бопай, оның ұлы Садық, Амангелді Имановқа дейін тәуелсіздік үшін күрескен. Ашаршылық кезінде қазақтың еңсесі басылып қалды. Тың көтерілгенде мұнда өзге халықтар келіп, басымдыққа ие болды. Орыстандыру саясаты жүрді. Әшімбаевтар - сол саясаттың жемісі.
Дос Көшім:

«Мүсіркей қараймын»

Мұндайларға кезінде жауап беріп, көп уақыт өткізген едік. Олардың соңғы кездері бір әуеннен жаңылмауы шарасыздықтан сияқты. Адам қолынан ештеңе келмеген уақытта байбалам сала бастайды. Олармен сөз жарыстырудың қажеті жоқ. Өйткені, олар біздің деңгейімізден төмен тұр. Қазақтың қандай мемлекет құрғаны, қандай тарихы болғаны бәрімізге белгілі. Тарихты оқымаса, мойындағысы келмесе, не дейміз? Ондайларды қазақ «шіріген жұмыртқа» деп атаған.
Ақыл-есінен айырылған, жындылау, есуастарды қазақ халқы қашанда аяушылықпен қараған. «Алланың өзі бұларды ақыл-есінен айырған. Сондықтан біз бұларға ештеңе қылмайық», - деп, басынан сипайды. Сөз таластырып жатпайды. Сол секілді мен де ондайларға тек қана мүсіркеушілікпен, аяушылықпен қараймын. Ұлттың кейбір тобының ұлтсыздану деңгейі төмен түскені соншалықты өз ұлтына қарсы шығады. Бұл барлық жерде де болған. Бұл - заңды, тарихи құбылыс. Өздері нағыз қазақ болмағаннан кейін нағыз қазақтарды жамандап, өзін-өзі ақтап алады. Сондықтан бұларға көп ашуланбау керек.
Мұндайлардың бір жағымды жағы да бар. Осы сөздері арқылы қазақтың намысын оятады. Жириновскийден алты ай сайын сұхбат алып тұрса, қазақтың намысы оянып, жан-жағына қарай бастайды. Біздің қоғамды түрткілейтін осындай «шіріген жұмыртқалар» керек секілді. Бір жағы мысқылмен айтып отырмын. Бір жағынан алғанда, біздің сөзімізден гөрі, осылардың сөзі өтімді, нәтижелі болып келеді.
Мемлекеттің ұлттық сипатымызға, тарихымызға, тілімізге байланысты мазақ қылу, қорлау, дәлелсіз сөздер айтуға қарсы арнайы жаза қолдануға мүмкіншілігі болады. Бұдан гөрі демократиялық бағытта - адамның деңгейі осындай ғана деп қабылдау ләзім. Мұның екінші жағы бар. Бұл - газеттің ресми орган ретінде өз көзқарасын білдіруі. Белгілі бір деңгейде қазақ халқына деген жаулығын көрсетеді. Мұны қазақ халқы білуі керек.

Мырзан Кенжебай:

«Сотқа беру керек»

Орыстілді газеттер кейінгі кезде қазақтың арасына іріткі салуға, елді бүлдіруге арналған материалдарды көп жариялап жүр. Қазақтарды «қала қазағы», «шала қазақ», «тәңіршіл қазақ», «исламшыл қазақ» - деп әдейі жікке бөледі. Оларды сотқа беру керек. Бұл - бір ұрықты біріне-бірі айдап салушылық. Бұлай істеуге ешкімнің хақысы жоқ. Заң қайда, басшылық қайда?
«Central Asia Monitor» газеті ұдайы Әуезхан Қодар, Жәнібек Сүлеевті сөйлетеді. «Свобода Слова» газетінің де айтатыны сол. Кілең өтірік байбалам, өтірік ойбайлау. «Орыстар кетіп жатыр», «Орыстілділер қысым көріп жатыр», «20- жылдары жаппай қазақ тіліне көшетін болдық. Бұл қалай? Елдің ішінде үлкен көтеріліс болып кетпей ме?» - деп халық ішіне әдейі осындай ойлар тастап отырады.
Ақпарат министрлігі, әділет министрлігі, ішкі саясат органдары қайда? Бұл - бассыздық! Әркім аузына келгенін айтатын болды. Мұнымен қоймай «шала-қазақ», «мәмбетизм» дегенді шығарып, қазақ халқын бір-біріне айдап салатын болды. «Наша Казаша» жобасының әзілкешсымақтары қазақты қорлаудың шегіне жетті. Бұған тоқтау қоятын Үкімет басында адамдар бар ма, жоқ па?
Жазып алған Шадияр Өстемірұлы
«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036