Қытайдағы марафонда 21 адам қаза тапты
Қытайдың Ганьсу провинциясында ультрамарафон кезінде жиырмадан астам адам қайтыс болды. Тау жарысы кезіндегі қайғылы жағдайға ауа райының күрт нашарлауы себеп болды.
Жарыс сенбі күні Ганьсу провинциясының Байиин қаласы маңында басталды. Қатысушылар қашықтықтың таулы бөлігінен өткенде, ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауып, жел соғып, ауа температурасы түсіп кеткен.
Марафонды спортшылар ашық ауа-райында бастағандықтан, жеңіл киінген, көпшілігінде жылы киім болмаған. Ал таулы аймақта ауа температурасы 6 градусқа дейін түсіп кеткен. Бұл кезде жүгірушілер теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікке көтерілген екен.
Жарысты дереу тоқтатып, 700-ден астам құтқарушы іздеу жұмыстарына кіріскен. Спорттық шараға барлығы 172 адам қатысып, олардың 21-і үсіп өлген. Құзырлы органдар бұл оқиғаны тергеу үшін жұмыс тобын құрды.
Abai.kz