Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4309 0 пікір 7 Мамыр, 2012 сағат 09:15

Батыр Баянға – Жұмахан Әбдіқадыровқа жәрдем жетті

Ұлы ақын Мағжан Бекенұлының «Батыр Баян» жырының желісімен режиссер Сламбек Тәуекел түсірген «Батыр Баян» фильмінде Баянның рөлін сомдап, сол арқылы исі қазақтың жүрегінде батыр бабалардың бейнесіндей сақталған Жұмахан Әбдіқадыров осыдан он алты жыл бұрын жұмыстан қайтып келе жатқан кезде жол көлік апатына ұшырап, мертіккен еді. Содан бері бірнеше рет ота жасатса да денсаулығы оңалмай қойған-ды (ағаның тағдыры туралы «Алматы» арнасы мен abai.kz ақпараттық порталы жуырда тағы мәселе көтерген болатын. http://old.abai.kz/node/13184 ) Жазылмайтын ауру жоқ. Жұмахан ағамызды дертінен айықтыратын ота шетелде жасалады екен. Алайда, отаның қаржысын қазақ актерінің қалтасы қайдан көтерсін. Ел-жұрттың көмек қолын созып жинаған ақшасы жетпеді. Енді міне, Батыр Баянның халінен хабардар болған президент пәрмен етіп, отаға қажетті қаражатты «Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қорынан» дереу аудартыпты.

Үміт отын жандырған жаңалықты естіп, Жұмахан ағамызға хабарластық.

- Сізге көмек берілгенін естіп бізде қуанып жатырмыз, аға.

- Рахмет! Жәрдем еткен ел-жұртыма, Елбасына айтар алғысым шексіз! Президенттің пәрмен етіп, көмектесуі - қазақ өнеріне, қазақ өнерпазына деген қамқорлық! «Батыр Баян» фильмі түсірлер кезде Президент өзі келіп, батасын берген болатын. Фильмде өте сәтті шықты. Енді, міне, тағы да Президент өзі бас болып ауруыма араша түсіп отыр. Мың да бір рахмет!

Маған ота жасаймыз деген шетелдік дәрігерлермен қайта сөйлесіп, құжаттарымды дайындап жатырмын. Дәрігерлер отаға кезекке қоятын шығар, шетелге отаға барамыз дегеннен бері де бірнеше жыл өтті. Одан бері отаның бағасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Мына жақтан Ресей дәрігерлерімен де сөйлесудеміз. Құдай сәтін салса, дәрігерлерден қашан шақырту түседі, сол бетте аттанамыз ғой.

- Қордан бөлінген ақша қолыңызға тиді ғой?

- Иә, келіп түсті. Кезінде Театр қайраткерлер одағы атынан Тұңғышбай Жамақұлов менің атыма есеп-шот ашып, үндеу жасаған болатын. Өзім де сол одақтың мүшесімін ғой. Ол кезде шетелдегі отаның құны - 30 мың еуро деген еді. Қажет қаржы толық жиналмаған соң, есеп-шотқа келіп түскен қаражат сол қалпы тұрған. Содан Президент менің жағдайымды қазақ БАҚ-нан естіп, білген соң бірден «Қажетті көмек жасаңдар» деп бұйырыпты. Сөйтіп, 5 миллион теңге аударды. Рахмет!

- Бізде сол жақсы жаңалықтың жаршысы болайық деген ниетпен хабарласып жатырмыз.

- Сіздерге рахмет, аман болайық! Елбасымыздың көмектесіп жатқанына отбасымызбен қуанудамыз. Бұл - өнерді түсіну, бағалау. Алланың көзі түзу болып, патшамыздың өзі жәрдем етіп жатқанына тәуба!

- Ал, аға, аман болыңыз! Құдай жеңілдігін берсін!

Сұхбаттасқан - Өміржан Әбдіхалықұлы

«Абай-ақпарат»

"Алматы" арнасының "Тағдыр мен тұлға" хабарының актер Жұмахан Әбдіқадыровқа арналған саны
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371