Сенбі, 1 Ақпан 2025
5461 5 пікір 1 Маусым, 2021 сағат 13:58

Тоқаевтың портреті қанша тұрады?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Президент Тоқаевтың портреттерін 493,5 мың теңгеге сатып алған. Бұл туралы protenge телеграм каналы хабарлады.

Телеграм мәліметінше, Нұр-Сұлтан әкімдігіндегі Тоқаевтың портреттері жаңартылатын болады. Сөйтіп, қаланың экономикалық әкімшілік бөлімі 15 портретті 493,5 мың теңгеге сатып алған.

Портреттің өлшеміне қарай бір данасы 12-ден 75 мың теңге аралығында бағаланыпты.

Айтпақшы, мемлекеттік тапсырыс бойынша қазіргі президенттің портреттері бірінші президенттің портреттеріне қарағанда сәл аз және экс-президенттің суреті әлі күнге дейін сұранысқа ие екен.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар