Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3583 0 пікір 8 Мамыр, 2012 сағат 07:32

Мұнайдар Балмолда. Есқалиев сатқын!

Қалың оқырман «Сырым батырдың аруағына тиіспеңдер!» атты мақаламызбен жақсы таныс деп ойлаймын. Өткен әзірде Абай сайтына және газеттерге жарияланған болатын. Онда Батыс Қазақстан облысын алты жылдай басқарған, компартияның облыстағы төрағасы болған қарт коммунист Нәжімеден Есқалиевтың ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Сырым Датұлының аруағына тиісіп, оның Оралда тұрған ескерткішінің тұруына қарсы екенін, ақыры тәуелсіздігімізге қырын қарайтынын, халқымыздың арғы-бергі тарихын жоққа шығарып, қазақты қазақ қылған Ленин деп лаққанын жазғанбыз, бізден соң облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұхтар, Мұрат Сыдықов, ақын Ақұштап Бақтыгереева, әдебиетші-журналист Тихон Әліпқали мен біздің де мақаламызды қазақша әрі орысша басып, Нәжімеден қарияның қатты қателесіп, халықтың ар-намысына тиіп отырғанын мәдениетті түрде ескертіп, бетін тойтарғандай болғанбыз. Үлкен кісі ғой, жасы болса жетпістен асып барады сөзге тоқтар дегенбіз, онымыз айдалаға атқан оқтай болыпты, ақсақал деуге енді аузым бармайды бұл кісі нағыз ақылынан алжасқан, кері кеткен қазмыр шалға айналыпты. Бұрыннан бұл кісіге сынмен, сенімсіздікпен қарайтын едім, оным бүгін тура айғағын тапты. Оны Есқалиевтың өзі орысша шығатын газет тілшілеріне берген сұқбаттары арқылы әшкерелеп отыр.

Қалың оқырман «Сырым батырдың аруағына тиіспеңдер!» атты мақаламызбен жақсы таныс деп ойлаймын. Өткен әзірде Абай сайтына және газеттерге жарияланған болатын. Онда Батыс Қазақстан облысын алты жылдай басқарған, компартияның облыстағы төрағасы болған қарт коммунист Нәжімеден Есқалиевтың ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Сырым Датұлының аруағына тиісіп, оның Оралда тұрған ескерткішінің тұруына қарсы екенін, ақыры тәуелсіздігімізге қырын қарайтынын, халқымыздың арғы-бергі тарихын жоққа шығарып, қазақты қазақ қылған Ленин деп лаққанын жазғанбыз, бізден соң облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұхтар, Мұрат Сыдықов, ақын Ақұштап Бақтыгереева, әдебиетші-журналист Тихон Әліпқали мен біздің де мақаламызды қазақша әрі орысша басып, Нәжімеден қарияның қатты қателесіп, халықтың ар-намысына тиіп отырғанын мәдениетті түрде ескертіп, бетін тойтарғандай болғанбыз. Үлкен кісі ғой, жасы болса жетпістен асып барады сөзге тоқтар дегенбіз, онымыз айдалаға атқан оқтай болыпты, ақсақал деуге енді аузым бармайды бұл кісі нағыз ақылынан алжасқан, кері кеткен қазмыр шалға айналыпты. Бұрыннан бұл кісіге сынмен, сенімсіздікпен қарайтын едім, оным бүгін тура айғағын тапты. Оны Есқалиевтың өзі орысша шығатын газет тілшілеріне берген сұқбаттары арқылы әшкерелеп отыр.

«Мой город» дейтін Оралдың қоғамдық-саяси апталығына (№18. 3 мамыр күнгі саны) тағы сұқбат беріп тастапты. Газеттің тілшісінің кім екені беймәлім, өзін көрсетпей тек сұрағын қыстырған да отырған, тақырыпты: «Неангажированная история» деп айшықтапты. Аты-жөнсіз тілші «Сіздің «Пульс города» газетіне берген сұқбатыңыз көптеген оқырманның қызығушылығын туғызды, Сырым Датовқа байланысты өзіңіз де 90-шы жылдары тойын атап өтуге араластыңыз...» деп жылдырмалатса, оған Нәжімеден Есқалиев Дэн Сяопиннің: «Я - человек старый, плохо со слухом. Из того, что здесь говорили, я не слышал ни одного слова» деген сөзін келтіріп, «Мен жасым ұлғайған адаммын, басқалардың пікірінде нем бар, мендей кісіге жоғары мәдениеттілік лайық» дейді. Сяопиннің сөзін бұл араға сына ғып қағу орынсыз, шал өзінше атына айтылған қарсы пікірлерді оқып-біліп алса да әдейі ерегесіп, сазарып отырғанын жасырған, сөйтіп одан сайын халқымызға, оның аруақты батырларына өштескен сықпыты. Мұндайда Ұлы Сырым бабамыздың: « Түзу сөзге тоқтамай өзінікін соға берген жаманнан күнде жеңілемін...» дегені еске түседі, Нәжімеден шал зиялы қауым айтқан сөзге де қайырылмай өзінікін соғып отыр. Өткенде Сырым батырды халық қуып жіберді деп көкіген, енді сол пікірін сабақтап: «Он был старшиной рода Байбакты, предводителем антиханского движения Младшего жуза в конце 18 века, в борьбе за власть над казахами изгнал хана Нуралы, убил хана Есима. С горсткой соратников вынужден был бежать в Хивинское ханство, где его тоже никто не ждал. Так и сгинул в безвестности», деп батырдың аруағында өші бардай ауыр-ауыр сөз айтады.

Тілші: «Как происходило Ваше изучение личности Срыма Датова, насколько достоверны полученные сведения с научной точки зрения?» десе Нәжімеден: « В Ташкенте группа казахов-историков представила в мое распоряжение немало материалов под авторством М. Вяткина, А. Рязанова, А. Левшина, из которых мне стало ясно, что в действительности Срым Датов был марионеткой в руках генерал-губернатора О. Игельсторма, стремившегося к ликведации ханской власти в Степи» деп шындыққа жанаспайтын, өзінің қойыртпағын қотарады. Ол ол ма, Нәжімеден шал ғұн патшасы Еділ (Атилла) мен Шыңғыс ханға, келесі бір сөзінде Абылай ханға, Исатай Таймановқа тіл тигізеді. «Ғылым Абылай ханның еңбегі сіңбеген атаққа лайық еместігін анықтап, дұрыс шешімге келе бастады, оған дәлел 300 жылдығы жай ғана аталып өткені» дейді. Ұлт-азаттық көтерілісінің көсемдері Сырым мен Исатайды орыстың Степан Разин, Емельян Пугачев сықылды бүлікшілерімен қатар қойып: «борцы с царями, ханами и всякими эксплуататорами» деп кекетіп, қазақтың арғы тарихын шорт кесіп, өзінің лениншіл коммунистік көзқарасын таңғысы келеді. Және 1992 жылы Сырым Датовтың тойын атап өтуге сол кездің жағдайы мәжбүрледі деп мәймөңкелейді, « ...сегодня моя совесть чиста» деп қояды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұхтар: «Сырым батырды туған жерінен ешкім де қуып жіберген жоқ және архивте Сырымның өз пікірі сақталған. Онда ол ашық айтады, Есім ханның өлімін губернатор Игельстромның өзі ұйымдастырды дейді. 1802 жылы Сырым Үргенішке барады. Сапарының мақсаты ел алдында тұрған күрделі мәселені шешу болатын. Сырым ол жақта үлкен беделге ие болған. Хиуа хандары оны өздерімен тең көрген, сыйлап, құрметтеген».

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сылықов: « Н. Есқалиев Сырымды халық қуып жіберген деп, патша шенеуініктерінің тарихсымақ жазбаларын қуаттайды. Есқалиев айтқандай Нұралы ханды Сырым қуып жібермеген, ол өз халқынан қорқып, қашуға мәжбүр болған. Есім ханның өлімі сол кездегі саяси жағдайдың қаншалықты күрделі болғанын көрсетеді. Есқалиев «Ханның басын хан, алады, қардың басын қар алады» деген мақалға сүйенеді, шын тарих жалаң мақал-мәтелмен жазылмайды, Тек хандар емес, королдер мен императорлар қара халықтың соққысына шыдамай бастарын жоғалтқан».

Ақын Ақұшатп Бақтыгереева: «Н. Есқалиевтың «Төңкеріске дейін қазақ деген ұлт болған жоқ» дегені қай сасқаны? Жұбан ағамыздан бастап «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген жоқ па еді? Шамасы, сұқбат беруші өз ұлтының жасампаз тарихын толық білмейді, Ресей жерінде туып-өскендігінің де салқыны тиген шығар».

Журналист Тихон Әліпқали: «Есқалиев қазаққа ізгілік, жақсылық атаулыны тіпті қимайтын сияқты. Сондай іштарлық, қызғаныш Қарашығанаққа қатысты пайымдауларынан да көзге ұрып тұр. Кеніштің байлығын игеруге қазақстандықтардың қатысуын барынша жоққа шығарып баққан. Оның пайымдауынша Қарашығанақтың тағдырын тап-тұйнақтай шешіп тындырған В. Черномырдин ғана».

Бір алжыған шалдың, яғни, «бір қарын майды шірітер Есқалиев дейтін  құмалақтың» кесірінен құлаш-құлаш мақала жазатын болдық-ау.

Бұл Есқалиев Ресейде өскендігінен ғана емес, сол большевиктік отаршыл саясаттың ықпалынан әлі шықпаған, қатып қалған қасаң ой-санасымен өз ұлтына, Қазақстанға, халқына қиянат жасап, Құдайалды, тәуелсіздік пен жасампаз тарихымыз алдында сатқындық жасап отыр. Өзін сүттен ақ, судан тазамын деп ойлауы түйір де түйсігі жоқтығын, тарихтан мүлдем хабарсыздығын әшкерелеп-ақ тұр. Жалпы бұл кісінің кім екені жалпыға әбден түсінікті болған шығар деп ойлаймын, десекте осыған қосымша оның өз ұлтының жастары туралы қандай ойда болғанын архивтен біле түсесіз. Соны келтірсек. Ол осы ойын әлі өзгертпегеніне мен кәміл сенімдімін.

Облысты басқарып тұрғанда Н.Есқалиевтың «желтоқсандықтарға» қатысты айтқан ХIХ кәсіподақтар конференциясында сөйлеген сөзінен үзінді келтірсек. Бұл баяндамада Н. Есқалиев Г.Колбиннің сайлануын облыстың барлық еңбекшілері бірауыздан қолдайтынын айта келіп: «...Алматының бір топ оқушы жастарының ұлтшыл элементтердің айдап салуымен тәртіпсіздік пен бұзақылық жасағанын батыл айыптады...» деп ұлтын ойлайтын азаматтарға «элемент» айдарын тағып үлгеріпті. (материал сақталған). «Желтоқсанды» тағы қандай бағалауы бар екен дегенде көзіміз түскені «Орал өңірі» газетінің 26.12.86ж. №247 саны болды. Онда қалалық партия шаруашылық активінің жиналысындағы Есқалиевтің сөзі келтірілген: «17-18 декабрьде Алматы қаласында орын алған белгілі оқиғаларға тоқтала келіп, Н.И.Есқалиев жолдас былай деп атап көрсетті: ұлттар арасындағы қатынастардың айқындаушы принципі болып табылатын халықтар достығы идеясын орнықтыру, өкінішке қарай, жекелеген адамдардың сана сезімінде ұлттық сарқыншақтарды түгел жойып жібере алмауда...» депті. (материал сақталған). Сөйтіп, қазақ азаматтарының ұлттық сезімінің сарқыншақтарының да сақталуына деген үлкен өкініш, зор күйінішін баяндайды.

Н.Есқалиевтің басқа да іс-әрекеті туралы жазылған бірнеше мақала-деректер бар. («Компромат на дипломата», «К меру принимаются меры» т.б.) Ол 1991 жылғы қыркүйек оқиғасын қолдан жасап, халықты қырғынға ұшырата жаздап, ақыры президент жарлығымен Оралдан кетіп, Көкшетауға әкім боп тағайындалған тұста эшолон-эшолон жанармайды заңсыз Өзбекстанға жөнелтіп, мол табыс көзін ашыпты. Ақыры ол былығы әшкереленіп, соңына заң сақшылары, прокурорлар түсе бастағанда сол алатақиялы елге елші болып қашып, құтылады. Партия мектебінен таныс Ислам Кәрімов ескі досына қолұшын беріпті. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген, біздің жақтан да шеттен де жарылқаушы тауып, жолы болып отырған. Енді міне, көрмейсіз бе, жетпісіне толып, былтыр Батыс Қазақстанды басқарған әкім Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қабылдауында болып, иығына шапан жауып, «қайраткер» атанған, телеарнада «Тұлға» атты дөкей кейіпкері болған Есқалиев үш мың жылдық ата тарихымызға түкіргенім бар деп, аруақты ата-бабаларымызды жамандап, сүйектен өтер ауыр-ауыр сөз айтып, онысын бәсін көтеріп пайда тауып қалмақшы. Араға от салғыш орыс тілді басылымдар арқылы оқтын-оқтын жариялатып отыр. Құдай төбеңнен ұрсын сені, менің халқымның көсемдеріне күйе жағып, аруаққа тіл тигізген әумесер, ақылдан алжыған шал Нәжімеден Есқалиев!

Алланың қаһары, халықтың қарғысы, аруақтың киесі атып, көрде өкіремін-ау деген үрейден жұрдай болған алжығанның айтқанын жауапсыз қалдырса да болар ма еді, бірақ олай етсек онымызды басқаша ұғып, тағы бір бәлелерін шығаратындар табылады. Олар қазір алдарына жасы үлкен титулды ақымақты салып, өз күштерін соның артына жасырып отыр. Егер бізден тойтарыс соққы болмаса, онда оларға да жан бітіп, азаттығымызға шабуыл өрши бермек. Әрі-беріден соң қазақ пен қазақты қырқыстырып, қызығына батпақ арам пиғылдары да болуы кәдік.

Алжыған шал Есқалиев айтпасты айтқызды, халқым мені үлкенге қарсы осылай айттың деп жазғырма, жазғырсаң қайтейін, басқа амалым қалмады, бөрі басымды итке иіп, қисық ауздан шыққан қырық өтірігіне жол беріп, аруақты ата-бабамды қорлатып қояр жайым жоқ. Қазақ болсаң маған қосыл, не үндемей  ақ наныңды жеп үйіңде тыныш жата бергін.

Сонау 1991 жылдың наурызы, өндірдей жаспыз, бірақ саяси сауатты, білімді, рухты, азат ойлы ұл-қызбыз. Қыркүйек оқиғасынан ертелеу. Сол тұста-ақ біз облысты басқарып отырған Нәжімеден Есқалиевтың кім екенін біліп, нақ сол отыратын әкімшілік алдында «Еақалиев сатқын!» деген плакат ұстап, жұртты оятпаққа әрекеттенгенбіз. Еш жерде жарияланбаған сол сәттің суретін бүгін, Есқалиевтың мыстан бейнесін қоғам таныған қазіргі тұста көпке көрсетуге жол шығып тұр екен. Ол да өз сәтін күтіпті.

Орал қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394