Сенбі, 23 Қараша 2024
3512 0 пікір 3 Маусым, 2021 сағат 11:58

Қазақстанда қанша шақырым жол ақылы болмақ?

Қазақстанда 2025 жылға қарай 11 мың км автомобиль жолдарын ақылы ету жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. 

«Жалпы, 2025 жылға қарай 11 мың шақырым автомобиль жолына ақы төлеуді енгізу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде, 2021 жылы 5,8 мың шақырымға ақылы трафикті ашу жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстандағы ақылы жолдарда жүру бағалары туралы айтқан болатын.

«Жолдардың сапасына оларды күтіп ұстау тәсілі де әсер етеді. Ол үшін қызмет көрсету шығындарын толығымен жабатын және республикалық бюджетке түсетін салмақты азайтатын төлем енгізілуде. Осы жерде мен бағаларға тоқталғым келеді. Ақы төлеу мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2013 жылы Астана-Щучинск жолында алғашқы ақылы жүйе енгізілген кезде бекітілді, ал жаңа учаскелерде бұл тарифтер өзгеріссіз қалды», - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354