Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
5249 12 пікір 4 Маусым, 2021 сағат 14:52

Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай қайта ушықты

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлағандай шекараның қырғыз-тәжік бөлігіндегі жағдай қайта шиеленісе түсті. 

Тәжік тарапы бүгін сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына 1 шақырым еніп,  контейнер орналастыра бастаған. Ал таңғы сағат 6.00-ге қарай тәжіктер орнатылған контейнерден 600 метр қашықтыққа шегінген.

"Тәжікстан аумағында әскери қызметкерлердің, көліктер мен жеңіл броньды машиналардың жинақталуы байқалады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауда. Алайда Тәжікстан Республикасының шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермейді", - деп хабарлады Қырғызстанның екара қызметі.

Бір ай бұрын тәжік-қырғыз шекарасында қарулы қақтығыс болып, қос тараптан 50-ден астам адам қаза тапқан еді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 971
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2483
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 645