Сенбі, 23 Қараша 2024
3626 3 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 14:33

Батысқа жауап: Одақтың комиссиясы не дейді?

Еуразиялық экономикалық одақтың комиссияcы Ресей тарапы ұсынған үшінші елдерге қарсы санкциялар туралы мәлімдеме жасады. Естеріңізде болса Ресей билігі "Еуразиялық экономикалық одақ елдері батыстық санкцияларға бірлесе жауап беруі тиіс" деген болатын. 

ЕЭК әлемдегі санкция алмасу қарқыны артқанын атап өтіп, оның одаққа мүше мемлекеттер үшін де маңызды екенін атап өтті. Комиссияның ақпараты бойынша экономикалық одақ өзара байланысын арттырып, сауда қатынасын ұлғайту үстінде.

"Санкциялар жалпы жүйеге кері әсер ететіні белгілі. Мысалы бір елдің  өндірістік кәсіпорнына кері әсер етсе, бүкіл сала зардап шегуі мүмкін. Нәтижесінде бұл бүкіл одақтың мүдделеріне кері әсер етеді", - деді ЕЭК.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық үкіметтердің қолданыстағы нұсқаулықтарын ескере отырып, ЕАЭО мүше мемлекеттері  үшінші елдердің кері әсер ететін әрекеттеріне бірлесе жауап беру бойынша іс-қимылдарды талқылау жүріп жатыр.

"Біз жекелеген мемлекеттердің санкциялық саясаты халықаралық заңдарға, оның ішінде БҰҰ Жарғысына қайшы келеді деп санаймыз. Сондықтан, Одақтың экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында бірлесе жауап шараларына келісім жасауды талқылауды заңды деп санаймыз", - деді ЕЭК сауда блогы.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі республикада басқа мемлекеттердің санкцияларына жауап ретінде Одақ елдерінің «шоғырландырылған шаралары» бойынша келіссөздер жүргізілмейтіндігін атап өткен болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383