Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2379 0 пікір 12 Мамыр, 2012 сағат 12:33

Тоқтарәлі Таңжарық. Қытайдағы қазақтар құлдыққа кетіп жатыр

Дәл осылай демеске шара жоқ. Арғы бететгі қандастардың ғаламторын ақтарып отырып, көпшіліктің жанайқайын естідік. Ел арасына «індет» тарапты. Бұл жұқпалы ауру емес, адамдардың қолынан ұйымдастырылған індет. Не дейсіз ғой? Қазақстанға таныс ауру - «қаржы пирамидасы» құрығы ол жақты да шырмап алған екен.

Дәл осылай демеске шара жоқ. Арғы бететгі қандастардың ғаламторын ақтарып отырып, көпшіліктің жанайқайын естідік. Ел арасына «індет» тарапты. Бұл жұқпалы ауру емес, адамдардың қолынан ұйымдастырылған індет. Не дейсіз ғой? Қазақстанға таныс ауру - «қаржы пирамидасы» құрығы ол жақты да шырмап алған екен.

Ия, Алматы мен Астана тұрғындарына әбден таныс бұл қоғамдық сырқаттың әлемде түр-түрі бар екені белгілі. Алдамкөстердің арбауына түсіп, шиыртпағына ақшасын салып, шығара алмай жүргендер бұл жақта да жеткілікті. Арғы бетте «жалғап сату» деген атпен қазақы ауылдардың іргесінен кірген алдамкөстіктің шегі тым арыда жатқан секілді. Бала-шағасын, ауылын, қызметін тастап, құмырсқадай құжынаған ішкі Қытайға «бір жылда миоллионер болу» үшін ағылып жатыр деседі. Өзі кетсе мейлі ғой, ішкі Қытайға барып, соңына адам жинау үшін бауыр-туысын, дос-жаранын, құда-жегжатын шақырып, олардың да ақшасын алдамкөстердің есепшоттарына құйдырып, жіпсіз маталып жатқан көрінеді. Мұндай үрдістің басталғанына екі жылдан ұзақ уақыт болыпты. Естір құлақ пен ақпарат құралдарына сенсек, қазірдің өзінде 3-4 мың қазақ «тездеп баюдың» қамына кіріскен. Тіпті, бұдан әлде неше есе көп болуы мүмкін... Олар алдамкөстерге үш деңгейде ақша құятын көрінеді. Біріншісі,  3800 юан (700 доллар көлемінде), одан кейінгілері 38 мың юан (7000 доллар шамасында), ал ең жоғары дәрежедегілері 76 мың юан (14000 доллар) ақша құйып, ен байлыққа жетпекші екен. Қанша көп құйсаңыз, бірер жылдан кейін алар сомаңыз да соншалықты қомақты болмақ деп сендіреді уағызшылар. Сөйтіп, ауыл-ауылымен ішкі Қытайға аттанған жұрттан хабар алу қиындап барады дейді осы тақырыпты қаузап жазушылар. Қазақстанға бағытталған көш сап тиылғалы бері, керуеннің басы Шығысқа бұрылыпты. Байымақ түгіл, ештеңесі жоқ, елге қайта алмай, қалың қытай арасында сенделіп, бар мүкәмалынан айырылғандардың саны көп дейді. «Қаржы пирамидасының» құпиясы туралы бұл жақтағы жұрт хабардар. Ақапарт құралдары арқылы естерін жиып, жұмыстарын бәсеңсіткені байқалады. Ал Қытайдағы қазақтар мүлдем басқа хелде. Ол жақта ақпарат жабық және тек осындай алдамкөстікпен айналысатын, өкімет орындары мен жергілікті билікке сөзін өткізіп отырған, айтқандарына бәрін көндіруді шебер меңгерген ірі қылмыстық топтардың бар екені айтылады. Олардың түсіндіруінше: «Бұл тек қазақтарға ғана арналған мемлекеттік қамқорлық, халықтың шашыранды ақшасын жинап, сол арқылы т ұрмысы төмен, дамуы қалыпсыз қазақтарды тездетіп өркендету»-мыс. Бұл іске тек қана қазақтарды тартуы күмән тудырмай қоймайды. Ең сорақысы, бұл жағдайдан жергілікті билік, Шынжаң басшылары, ондағы қазақ зиялылары, радио-телеарналар хабардар болса да, қазірге нақты айғағымыз жоқ деп жақ ашпай отырған сияқты. Тіпті, қазақша хабар тарататын «Шынжаң 3» телеарнасы күн-түн демей, алдамкөстер апаны орналасқан қаланы жарнамалап, «мол ақша тапқыңыз келсе, жердің жаннатын көргіңіз келсе Шұңшиң қаласына саяхаттаңыз» деген ұранды сөздерді үнемі қайталайды деседі. Ал алаяқтар болса, «Ана арнадағы жарнаманы неге таратып отыр? Ол мемлекеттің қазақтарға жасап отырған жақсылығының айғағы, осы жұмысты тездетіп істеуге жасаған қамқорлығы» дейді екен. Бұған аңқау ағайын бас шұлғысып, имандай ұйып жатса керек.  Қазақ сайттары: «Мұнда бір үлкен қитұрқылық бар. Әсіресе,жергілікті билік өкілдерінің селт етпеуіне қарағанда, олардың да қылмыстық топпен ым-жымдары бір» дегенді айтып шулауда. Әзірге, еш нәтиже, нақты шара қолға алынар емес. Ал ішкі Қытайға кетіп, із-тұзсыз жоғалып жатқан қазақтардың қарасы уақыт өткен сайын молаюда. Олар ол жақта не күй кешіп жүр, қыздары күң, ұлдары құл болып кеткен жоқ па? Ол жағын толық зерттеген жан жоқ. Білерлері, артынан қарасын көбейту үшін өскен жерінен алдап, арбап, таныстары мен туыстарын құрыққа іліндіріп жатқандығы. Әсіресе, өрімдей қазақ қыздарының үй-күйсіз, бауыр-туыссыз ішкі Қытайға барулары жанға батады. Ұйымдасқан топтың ары қарай не істерлерін кім білсін? Ұйымдасқан қылмыстық топтың құпиясын білетіндер мен одан басын әзер арашалап алған бірер кісінің жанайқайына құлақ түрер түгі жоқ дейді халықтың. Есіл-дерті есепсіз баюға деген құмарлық. Ақшасын алалдан емес, харамнан табуды қалайтындардың бұл қылығын немен түсіндіреріңді білмейсің? Қытайдың мафиясы жер-жерге тамыр жайғанын сырттай білеміз. Бұл да солардың істеп отырғаны болуы мүмкін. Өйткені, басқа ұлтқа қарағанда, аңғал қазақты айтқандарына сендіру оңайырақ... Ал ол топқа бір кіргенді қытайлардың оңаймен құтқармасы және белгілі. Бұған бір үйренген соң, одан ары қандай амал-айламен қазақтарды шырмай түсетінін кім білсін?!..

«Қаржы пирамидасының» заңсыз іс-әрекеттерін Қытай билігі әлдеқашан шектеген екен. Бірақ, тек қазақтарға ғана «баюға» рұқсат беріп отырған көрінеді. Әйтпесе, Шынжаң үкіметі бұл істі баяғыда шектер еді.

Адаспа, ағайын!!! Сенің керуенің кері бұрылмасын. Алтын діңгегің, темірқазығың - Атамекен - Қазақстан топырағы! Одан айныма! «Қаржы пирамидасының» қойыртпағына құйған ақшаңды Атамекенге келуге жұмса. Соның жолында рәсуа ет! Бұл - Алла үшін де, қазақ үшін де ең өтімді жол, ең тура жол!

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470