Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
4418 0 пікір 16 Маусым, 2021 сағат 11:08

Әзербайжан мен Түркия Шуша декларациясына қол қойды

15 маусымда Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өткен жылы азат етілген Шуша қаласында ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Әзербайжан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы Шуша декларациясына» қол қойылды. Бұл туралы «AZƏRTAC» ақпарат агентігі хабарлады.

Аталған Декларация арқылы тараптар аумақтық тұтастыққа қауіп төнген жағдайда бір-біріне әскери және басқа да қажетті көмектерді көрсету, «Зангезур дәлізін»  іске қосу мәселесі, Шушада Түркия Республикасының консулдығын ашу және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейту, саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, мәдениет, білім, спорт, жастар саясаты бағытында бірлескен іс-шаралар атқару бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 946
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2435
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 631