Жұма, 29 Наурыз 2024
2420 9 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 12:12

Нұр-Сұлтан әкімдігі мәдени шараларға 13,8 млрд сұрайды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алдағы бес жылда қаладағы әлеуметтік маңызы бар және мәдени шараларды өткізуге бюджеттен 13,8 млрд қаржы сұрайды. Бұл туралы КазТАГ мәлімдеді. 

«Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығындар («Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды өткізу», теңгемен):

2020 ж (есепті кезең) - 5 171 156;

2021 ж (ағымдағы жылдың жоспары) - 1 909 560;

2022 ж (жоспарлау кезеңі) - 1 466 039;

2023 ж - 2 659 010;

2024 ж - 2 659 010», - дейді бюджеттік бағдарлама жобасы бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәдениет бөлімі.

Құжатта көрсетілгендей, 2020 жылы бөлінген қаржыға (Т5 171 156 000) елордада 12 мемлекеттік және республикалық шаралар өткен. Ал, 2021 жылға - 22, 2022 жылға - 15, 2023 және 2024 жылдарға 14 іс-шара жоспарланған.

«Қала тұрғындарының мәдени демалысын және Қазақстан Республикасын мекендейтін халықтардың музыкалық өнерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру», - делінген бюджеттік бағдарлама жобасының сипаттамасында.

Мақсаты - «Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет қайраткерлерінің халықаралық және ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мәдениет саласындағы отандық өнімге деген сұраныстың өсуін ынталандыру».

Ал, «Міндеттер» бағанында «2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларға бару санының өсуі - 1%, 2022 - 1,5%, 2023 - 2%-ды құрайды».

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3534