Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
8345 4 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 14:56

Жаңа диктатор: Ибрагим Раиси кім?

Иран тарихындағы ең аз дауыс беруші қатысқан сайлау жұма күні өтті. Заң бойынша 59 млн ирандықтың дауыс беруге құқығы болса да, ол құқықты тек қана 48,8% халық қолданған. Бұл өте аз көрсеткіш болып саналады. 

Нәтижесінде 28,9 млн адам дауыс берген. Оның ішінде 17,9 млн адам 61,9%  Раиси Ибрагимді жаңа президент ретінде таңдаған. Осылайша Раиси Ибрагим Иранның жаңа президенті болып сайланды.

Иранда сайлауға заң бойынша іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Президенттің өкілеттігі екі мәртеден аспайды. Заң бойынша президент 4 жылға сайланады. Президенттікке үміткер кандидат ретінде тіркелген азаматттардың құжатын Иран конституциясын қорғау кеңесінің мүшелері қарап шығады. Кеңеске барлығы 12 адам мүше, олардың тең жартысын Али Хаменеи тағайындайды. Биыл сайлауға 592 кандидат құжаттарын ұсынып, олардың тек қана алтауын кеңес мақұлдаған. Ал сайлауға тек қана төрт кандидат қатысты. Құжаты кері қайтарылғандардың ішінде Иранның бұрынғы басшысы Махмуд Ахмадинежад та бар.

Сонымен Иранның жаңа басшысы Раиси Ибрагим. Оны жеңісімен Қазақстанның президенті Қ.Тоқаев құттықтап үлгерді. Раисидің жеңіске жететіні о баста белгілі болған-ды. Оны Иранның діни және де-факто шынайы басшысы аятолла Али Хаменеи қолдады. Бұл дегеніміз оның сөзсіз жеңетінін аңғартқан еді.

Раиси Ибрагим 1960 жылы 14 желтоқсанда өмірге келген. Оның тез көтерілуіне Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпақтары ретінде саналатын сейид тобына жататындығы әсер етті. 1975 жылы діни бағыттағы медресені бітіріп, артынша заң саласын оқуға кіріседі. Заң және құқық саласы бойынша магистратураны бітіреді. 1980 жылдан бастап ұзақ жылдар бойы заң саласында қызмет етеді. Тегеранның бас прокуроры, бірнеше аймақтың прокуроры, Иранның бас прокуроры қызметтерін атқарған.

Иран халқы Раисидің "1988 жылдың қасапшысы" деп атайды. Оған себепкер болған жайт 80-жылдардан бастап саяси қайраткерлерге өлім жазасын кесетін соттың құрамында болуы. Ал 1988 жылы ол тікелей өлім үкімдерін орындауға пәрмен беріп отырған. Amnesty International-дың ақпаратына сенсек, ол 5 мыңға жуық адамның өліміне қатысы бар тұлға.

2009 жылы АҚШ билігі оны "адам құқығын таптап, адамзатқа қарсы қылмыс жасаған тұлға" ретінде сипаттап, жеке басына санкциялар салған. Батыстық БАҚ оны "қасапшы әрі диктатор" санайды. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді тоқтатып, қатаң санкцияны енгізуді сұрап жатқандар да жетерлік. Алайда "Раиси саяси жағдайға байланысты бейімделе білетін қасиетке ие, тіпті ол келесі Аятолла болуы да мүмкін"  деген пікірлер айтылуда.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516