Үнді штаммы Қазақстанда табылды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың күрт көбеюіне байланысты вирус штаммдарын тексеру жұмыстары жүргізілген. Скрининг барысында үнді штаммының өзгерген түрі анықталды дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Скрининг барысында үнді штаммының өзгерісіне ұқсас тип анықталған. Нақты мәлімет ДНК тексерулерден кейін анықталатын болады. Үнді штаммы аса қауіпті болып табылады. Ол қарапайым коронавирустан 60 пайызға қуатты және бір мезетте 6 адамға дейін жұғады. Үнді штаммы адам организмінде тез жетіліп, 7 күннің ішінде зиян келтіре бастайды. Бастапқы белгілері ретінде буынның қақсауы, құсу, іштің қатты бүріп ауыру белгілері болуы мүмкін.
Abai.kz