Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1722 1 пікір 22 Маусым, 2021 сағат 13:56

Қыркүйекте QazVac-тың миллион дозасы шығарылады

Қыркүйек айында Жамбыл облысында салынып жатқан зауыттан QazVac вакцинасының бірден миллион дозасы шығады. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты. 

- Сәуір және мамыр айларында вакцинаның 50 мың дозасы шығарылды, маусым айында – 100 мың , шілде - тамыз айларында – 500 мың, қыркүйектен бастап – 1 млн дозасы шығарылады,- деді Сапарбаев.

Оның айтуынша, аталған зауыт вакциналардың адамдарға да, жануарларға да арналған басқа түрлерін де дайындайды.

Ол зауыттың техникалық іске қосылуы 19 маусымда болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта АҚШ пен Қытайдан жеткізілетін жабдықты баптау және монтаждау аяқталуда. Әкім пандемияға байланысты жабдықты жеткізуде қиындықтар болғанын, алайда қазіргі уақытта барлық қажеттіліктің 99% жеткізілгенін атап өтті. Жабдықты қабылдау аяқталғаннан кейін технологиялар тексеріле бастайды, содан кейін олар GMP талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

- Бұл кем дегенде бір жарым айды алады. Содан кейін біз сертификат алып, лицензиялаудан өтуіміз керек, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 2020 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Гвардейский ауылында коронавирусқа қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың құрылысы басталған болатын. Зауыт құрылысына 5 миллиард теңге бөлінді. Ол алдымен көктемде, содан кейін жазда, содан кейін 2021 жылдың аяғында жұмыс істей бастайды деп болжанған. Ал, 2021 жылы сәуірде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық вакцина Түркияда шығарылатындығын және алдын ала құжаттарға қол қойылғанын айтқан еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2252
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3505