Сенбі, 23 Қараша 2024
3549 2 пікір 24 Маусым, 2021 сағат 13:29

ҚХА жарлығына өзгерістер енгізілмек

Үкімет Қазақстан Президентінің қарауына "Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі No149 жарлығының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жобасын ұсынды.

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

2) Ассамблея қызметінің бағыттарын анықтайды;

3) Ассамблеяның жетекші лауазымды адамдарын тағайындайды және босатады;

4) Ассамблея сессиясын шақырады;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады. ».

5-1-тармақ келесі негізде толықтырылсын:

5-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Ассамблеяны өмір бойына басқаруға құқылы, ол одан бас тартуға құқылы.

Естеріңізде болса, 2021 жылдың 28 сәуірінде Елбасы ҚХА-ны басқару өкілеттігін Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385