Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3101 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 11:09

Табыл Құлияс: «Аштық ұлт мiнезiн өзгертiп жiбердi»

Ашаршылық-80

Сатирик-қаламгер Табыл Құлияс   өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ даласындағы аштыққа байланысты Ресейдiң iрi қалалары мұрағаттарынан дерек жинап жүр. Астанадан Орынбор мен Астраханьға бара жатқанында жол бойы Ақтөбеге аялдамай өтпейдi. Табыл ағамыздың кезектi сапарында оның қолына түскен тың деректердi сұрағанбыз.

- Табыл аға, 2012 жылы   қазақ трагедиясының ауыры - 1932-нiң аштығына 80 жыл. Күнi бүгiнге дейiн аштық геноцидi тәуелсiз Қазақстан тарихында объективтi бағасын алмағаны бәрiмiзге бел­гiлi. Соңғы 20 жылдың iшiнде көп уақытты текке өткiзiп жатқандаймыз. Ел iшiндегi қасiреттi уақыттың куәгерлерi өмiрден өтiп те кеттi. Суыртпақтап сыр сұрай алмадық та. Олар көп нәрсенi өзде­рiмен бiрге әкеттi. Дегенмен, аш­тық картинасы саяси-экономикалық тұрғыдан емес, адами-психологиялық, талдау-сараптамалық, әлеуметтанушылық тұрғыдан да қарастырылғаны жөн. Қай тұр­ғы­дан жүйеленген дұрыс? Мәселен, әр губерниядан, әр ауылдан қанша адам өлдi, жұрт­тың малын тартып алуға кiмдер қатысты деген сұ­рақтар барынша ашылуға тиiс. Аштық картинасы осылайша әр ауыл, әр губернияның жағда­йынан түзiлуi керек. Сол кездiң са­раң ста­тистикасы, пленумдар ма­те­риалдары, адамдардың есте­лiк­терi, жазушылардың жазбаларынан да жалпы жағдай көрiнiс берер.

Ашаршылық-80

Сатирик-қаламгер Табыл Құлияс   өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ даласындағы аштыққа байланысты Ресейдiң iрi қалалары мұрағаттарынан дерек жинап жүр. Астанадан Орынбор мен Астраханьға бара жатқанында жол бойы Ақтөбеге аялдамай өтпейдi. Табыл ағамыздың кезектi сапарында оның қолына түскен тың деректердi сұрағанбыз.

- Табыл аға, 2012 жылы   қазақ трагедиясының ауыры - 1932-нiң аштығына 80 жыл. Күнi бүгiнге дейiн аштық геноцидi тәуелсiз Қазақстан тарихында объективтi бағасын алмағаны бәрiмiзге бел­гiлi. Соңғы 20 жылдың iшiнде көп уақытты текке өткiзiп жатқандаймыз. Ел iшiндегi қасiреттi уақыттың куәгерлерi өмiрден өтiп те кеттi. Суыртпақтап сыр сұрай алмадық та. Олар көп нәрсенi өзде­рiмен бiрге әкеттi. Дегенмен, аш­тық картинасы саяси-экономикалық тұрғыдан емес, адами-психологиялық, талдау-сараптамалық, әлеуметтанушылық тұрғыдан да қарастырылғаны жөн. Қай тұр­ғы­дан жүйеленген дұрыс? Мәселен, әр губерниядан, әр ауылдан қанша адам өлдi, жұрт­тың малын тартып алуға кiмдер қатысты деген сұ­рақтар барынша ашылуға тиiс. Аштық картинасы осылайша әр ауыл, әр губернияның жағда­йынан түзiлуi керек. Сол кездiң са­раң ста­тистикасы, пленумдар ма­те­риалдары, адамдардың есте­лiк­терi, жазушылардың жазбаларынан да жалпы жағдай көрiнiс берер.

- Сөзiмдi үндi халқының көсемi Нерудың: "Мемлекеттiң әрбiр тиыны ұлтқа қызмет еткенде ғана мемлекет мұратына жетедi", - деген сөзiнен бас­тамақпын. Мұның түпкi мәнi - экономикалық саясат сауатты да адал жүр­гiзiлуi тиiс. Экономикаға көзсiз жағымпаздық, саяси науқаншылдық араласқанда, елге жұт боп тимек. Басы ашық мәселе, 30-жылдардың аштығы - қолдан жасалған геноцид!

Қазiргi кезде 1932-нiң аштығы жөнiнде ғана айтылады. Ал қазақ даласында аштық бiрнеше рет қайталанды: 1918, 1922 жылдары да. Әсiресе, 1918 жылы Түркiстан өңiрiнде аштық басталып, сол жылдары Орынбор мен Ор қаласының өндiрiс орындарына шұбырған халық жолда қырылып өлген.

- Бәлкiм, Түркiстан автономиясын құруға ниеттенген Мұстафа Шоқайдың жолын кесу үшiн ер тү­рiктiң бесiгi - Түркiстан аймағында аштық қолдан ұйымдастырылып, елдi қыспаққа алу саясаты астыртын жүргiзiлген болар?

- Мен қолымдағы мұрағат дерек­терiмен сөйлейiн. Ресейдiң Барнауыл қаласының мұрағатынан 1947 жылы жүргiзiлген бүкiлодақтық статистикалық деректе украиндардың 11 пайызы, қазақтардың 50 пайызы аштан өлдi деп анық жазылған. 1922 жылы Одақтың бiраз жерiнде, соның iшiнде Қа­зақстанда   аштықтың бiрден күшейiп кету себебi мынада. Сол жылы Ре­сейдiң iшкi жағындағы аштыққа ұрынған аудандар тұрғындарын қазақ жерiне қоныстандыру туралы шешiм шықты. Әрi бұл саясат өте дөрекi түрде iске асырылды. Дүние-мүлкiн тартып алып, қарудың күшiмен жер аударылғандардың қолына тек  500 рубль ұстатқан. Мұндай қаржымен бiр отбасы алысқа ұзап бара ала ма? Ресейден күштеп көшiрiлгендердi азық-түлiкпен, жатын орындармен қамтамасыз ету, т.б. мұқтаждықтары Қазақстан есебiнен жүргiзiлдi. Бұған қаржы қай көзден шықты? Әрине, жергiлiктi халықтың қалтасынан. Сондықтан елге салынатын    салық күшейдi. 1922 жылы Қазақстанда 417 миллион пұт астықпен қоса 277 миллион сом ақшалай салық жергiлiктi халықтың мойнына iлiндi.   Бұл жағдай елдi қырудың амалы екенiн айтып Сейiтқали Меңдешев Сталинге хат жазды. Хатында Орал губерниясының 4 уезiнде 350 адамды әлдiлер сойып жегенiн, 300 қабiрдi ашып, өлгендердi жеген оқиғаларды дерек ретiнде тiркейдi. Дәйектеме­лерiн алға тарта отырып, Қазақстанға жер аударуды тоқтатып, есесiне ашыққан жұртқа көмек керек деп жаз­ғаны тарихта қалды. Меңдешев 4 уездегi жағдайды ғана жазды. Елiмiз­дiң барлық өңiрлерiн өрттей жалмаған 18-20-жылдар апатына қосымша дерек: осы жылдары 1 миллионға жуық ба­­ла ата-анасыз тұлдыр жетiм қалса, 2 миллион баланың шешесi аштан өлген.

1917 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз съезiнде, одан 1918 жылы күн­батыс Алашорданың Оралдағы съе­зiн­де елдi аштықтан сақтау мәселесi көтерiлдi. Осы жағдайлар 1918-дiң аш­тығының да елге апат әкелгенiн көр­­сетедi. Мұның бәрi хронологиялық жүйе­лiкпен қазiргi жағдайда түзiлуi керек.

Шведтiң танымал саясаткерi Пъер Альмарак "Ашылған жарақаттар" кiтабында 1917-1987 жылдар аралығында Кеңестер империясы аймағында 62 миллион адам қолдан жасалған апаттан ажал құшқанын келтiредi.

1920-жылдары қазақ жерiне 3,5 миллион адам жер аударылды. 139,6 мың поляк, 23,6 мың еврей, 85,7 мың латыш, литван, эстон және басқа да ұлттар. Күштеп көшiрiлген осы 3,5 мил­лион адамның 27 пайызы қазақ же­рiнде аштан өлген. Осы кезеңде қазақ даласында аштық өртi қызып жатқанда, Меңдешев хатында айтылғандай, адамды адам сойып жемей қайтедi?

- Сол кездiң саясатпен бетi бүр­­келген статистикасы да әртүр­лi.

- Кеңес өкiметiнде объективтi статистика жүргiзiлдi деп кiм айтты? Кеңестiң статистикасы қызыл саясат­қа ғана қызмет еттi. 1947 жылғы статистикадағы аштықта жергiлiктi тұр­ғындардың 50 пайызы, не 53 пайызы өлдi деп нақты анықталмауының себе­бi - сол уақытта жергiлiктi қазақтар мен күштеп көшiрiлген адамдардың саны нақтыланбады. 1920-жылдары елi­мiзге 3,5 миллион басқа ұлт қоныстанса, оның 27 пайызы аштан қырыл­ған дейдi. Тiрi қалғандарының 73 па­йыздық көрсеткiшi де нақты емес. 73 пайыз ба, әлде одан аз ба?

Төңкерiс алдында қазақтың 200-ге жуық руы тiркелсе, солардан адам санының қаншасы жазылғанын қараған жөн. Қазақтар патша үкiметiнiң   санақшыларына ағынан жарылып анау-мы­нау­ды ақтара бермеген. Әсiресе, ба­ла-шағасы мен мал саны есебiнде. 1911 жылы қазақтардың байұлы руы 1 миллион 39 мың, арғындар 890 мың деп тiркелген. Әлгiнде айтып кеткендей, қазақ мал-жанының есебiн тiзбейдi. Бұл - ата-бабадан қалыптасқан үрдiс. Әрi патшанының статистерiне   жал­ған ақпар беретiнi, адам-мал санын азайтып көрсететiнi анық. Қазақтың 200-ге тарта руы бар десек, төңкерiс алдында Ахмет Байтұрсынов айтқандай: 7 миллион қазақпыз, ғасыр соңында 30 миллионға жетемiз деуiнiң шындыққа сай келетiнi анық аңғарылады.

Бұл арада басы ашық мәселе - қызылдар билiкке келген жылдары қазақ даласында 4 рет аштық трагедиясы орнады: 1918, 1922, 1928, 1932 жылдар. 1917 жылдан басталған, 1922 жылы үдей түскен, содан тыныс алдырмай 1932 жылға жалғасып, шырқау шегiне жеттi.

- Аштық санағы дегенде әйгiлi "Бесеудiң хаты" ғана еске түседi. Мұрағат деректерiнде санақты кiмдер жүргiздi, қалай жүргiздi дегенге қандай тың дерек бар?

- Кеңес өкiметiнде статистика қолдан жасалды. Санақшылар - саяси билiктiң адамдары. Статистика адамдарға емес, саясатқа ғана қызмет еттi деп жоғарыда айттық қой. Больше­виктердiң санағына сене беруге болмайды. Ұрда-жық сауатсыздарды итше үргiзген қызыл билiк өз артын өзi аша ма? Ғасыр басындағы ауылды көз алдыңызға елестетiңiз. Ана қырда 5-6 үй, мына қырда 20-30 ауыл. Қазақ бiр жерде шоғырланып отырған емес. Көлiксiз, қарусыз, партияның аңдуындағы санақшылар (өз өмiрлерi де қылдың үстiне iлiнiп тұрды) ауыл-ауылды, үй-үйдi түгел аралап шықты деуге негiз жоқ. Жиырма-отыз үйлi ауыл адамдарының түгел қырылғанын есепке кiргiзбей кететiнi де анық.

Ашыққан адам не iстемейдi? Мына сұмдықты айтпауға да болмас. Мұрағаттан ОГПУ-дiң есебiн қарағанымда, осы Ақтөбе облысының қазiргi Алға ауданында үлкен жолдың бойында қос тiгiп, екi жас әйел отырған. Жолда iлiнiп-салынып босып келе жатқан адамдарды алдап-сулап, тамағына сойып жеп отырғаны жазылған. Милиция қос адамжегiштi әзер дегенде қылмыс үстiнде ұстап, атып тастайды. Жол бойындағы екi сұлу әйелдi адам­жегiш деп кiм ойлайды? Бұлардан ұрпақ қалды ма? Санақшылар осындай сұмдық болып жатқан өңiрлерге жалғыз-жарым бармасы анық.

Санақшылар мәлiметтерiнен тү­зiлген ресми статистика: 1922 жылғы "Степная правда" газетiнде 1921 жылдың желтоқсанында ашыққан адам саны 1 миллион 213 мың 26, ал 1922 жылдың сәуiрiнде 2 миллион 305 мың 591-ға жеттi деп жазылған. Орал губерниясында 1917 жылы адам саны 482 мың болса, 1922 жылғы аштықтан 247 мың 454 адам ғана тiрi қалған. Сонда 1920-32 жылдары   қазақтың 60 пайызы аштан өлдi деп айтуға негiз бар.

Аштық қазақтың қараша үйiндегi барын тартып алды, баланың аузындағы соңғы нанын жұлып алды, өкiл­дер тiптi құтырынып кеттi, бiрiнен-бiрi асып түсуге тырысты. Сүйек салығы, жүн-терi салығы дегендi ойлап тапты. Менi таңдандырған нәрсе: қызылдар билiкке келген 5-6 жылдың iшiнде мұндай оңбағандар қайдан шықты? Мұның түпнегiзi - көкiрек көзi ке­реңдiкте, сауатсыздық пен надандықта. "Құлды қойсаң еркiне, күнде тышар бөркiне" деген сөз ерiксiз еске түседi. Бiр сөзбен айтқанда, тек­сiздiкте. Би­лiк құлдық сананы құрайтын: жағымпаздық, сатқындық, екiжүз­дiлiк, аярлық, бақайесепшiлiк, парақорлық, ынсапсыздық, тоғышарлықты өршiттi. Кесiп тастауы қиынға айналып бара жатқан сол жаман мiнез қазақ арасында аштық жылдары тамырын тереңдетiп жiбердi. Менiң түйгенiм - аштық тұтас ұлттың табиғи болмысын аз уақыттың iшiнде өзгертiп жiбередi екен. Құдды бiр вирус сияқты. Ұлтты ұсақтатады. Кесек мiнездi жояды. Адамды қу құлқынның құлына айналдырады. Сұмдығы сол - осындай "қа­сиеттерiң" болмаса, көкеңнiң табанын жаламасаң, астына көпшiк қоймасаң, пара бермесең, сенi адам қата­ры­на қоспайтыны қазiр де қалыптасқан дағдыға айналды. Тексiздiк тағы да күшейдi. Үрейленетiнiм осы.

1920-30-жылдары елдi бiр жағынан салық езгiсi ес жиғызбаса, екiншi жағынан астық, мал етi қоймаларда   iрiп-шiрiдi. Мәселен, қарудың күшiмен   тартып алынған елдiң адал малының етi Жезқазған даласында тау болып үйiлiп жатты. Уақытында пойызбен жөнелте алмаған. Иiстенiп бұзыла бастағасын далаға үйiлген сол ет жыл бойына   өртенiп жатқанын көрген куәлар бар. Сонда да белсендiлер адамды жанына жуытпаған. Қарауыл қойған. ХХ ға­сырдан берi қазақтың өз байлығы өзiне бұйырып келе жатқан жоқ.

- Аштық жылдарындағы елдiң халiн деректi оқиғалармен қағаз бетiнде қалдырған қаламгерлер көп емес. Әр өңiрдегi ашық әртүр­лi болды. Ақтөбе өңiрiндегi аштық картинасын Жиенғали Тiлепбер­ген­ұлынан артық батыл жазған ешкiм жоқ. Жүрегi қан жылап отырып жазған оның шығармаларында масқара сұмдық жайлар айтылады. Мәселен, осы Ақтөбе облысы Қандыағаш стансасында қазақтың жiгiттерi қыз сатқан. Өлiм алдында тұрған отбасылардың 14-15-тегi қыздарын бiр табақ бидайға айырбастап, бейбақтарды байларға күңдiкке қай­та сатқан. Жиенғалидiң аштан өлуi­не де осы жағдайлар себеп бол­ғандай. Журналистi оқшаулап тастаған, дәрi-дәрмексiз, ас-сусыз қалдырған. Қысқасы, Ақ­төбе облысы Темiр ауданы партия қызмет­керлерiнiң бақылауында, қа­мау­да өлген. Сiз Жиенғалидiң Орынбор мұрағатында жиналмаған шығармаларын таба алдыңыз ба?

- Басы ашық жағдай: Жиенғали Тiлепбергенұлын аштық ажалынан бұрын әкеттi. Жиенғали сөздерiн сарғайған "Садақтан" жинастырып қайта тiрiлткен, үндемей жүрiп үлкен iс тындыратын - профессор Тұрсынбек Кәкiшев. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетiнiң оқытушысы Ғайша Мұхамбетқызы Ниязова ғылыми тұрғыдан жүйелеп, жинастырды. Екi томдық кiтап етiп бастырды.

Жиенғали төңкерiске дейiн де, одан кейiн де өнiмдi жазған. Жиналмағаны әлi көп. Орынбордың "Ғалия" медресесi түркi таланттарын тәрбиелеген қарашаңырақ қой. Мағжан, Бейiмбет, Iлияс оқыған "Ғалияда". Бейiмбеттен соң "Садақ" журналын төңкерiс жылдарында осы оқу орнының түлегi Жиенғали үздiксiз шығарып тұрды.

Жиенғалидiң жазба күнделiгiнде: "Уфадан қайтып келе жатқанда 11 нау­рызда Орынборға түскем. Онда Ә.Жан­гелдиннiң бұйрығымен съезд бо­лып жатыр екен. Ондай съездi съез­дiң аруағы атсын!" - деп түйiндейдi "Садақ" бетiнде. "Жақын арада Орынборды большевиктер келiп алып, өзiне қаратты. Бұл қадiрлi жаңа жолда бiздiң қазақтан да жоқ емес. Ғалибек (Әлiби) Жангелдин деген кiсi боль­шевиктердi ертiп келiп "Қазақ" бас­қармасын жаптырды. Ол уақытта ондағы мырзалар ел iшiне қашып кеткен едi. Ғалибек "Қазақ" басқармасын тiнтiп, еш нәрсе таба алмай, жаңа шыққан "Қазақтың" бiр номер газетiн "Баяғыдан берi сен бiздiң аяғымызға қандай тұсаулар салмадың?" деп, қос қолдап тұрып айырып-айырып тастапты". Дерек пе? Дерек! Артық-ауыз сөз жоқ, болған оқиға. Әлiби Жангелдиннiң шын бет-бейнесiн ашып, мақтамен бауыздап тұр Жиенғали.

Әрi қарай Жиенғали былай түйiн­дейдi: "Мен осындай тартысқа қатысқым келмедi. Қаламгерлiк антымдай, көргенiмдi қаз қалпында, қазақтың айшықты сөзiмен жазуды арман еттiм. Кемшiлiгiмiз кеңiрдектен келедi, астарлы әзiл, түйреме сөз, сатиралық тiлме ой, оқиға қазақта жетерлiк. Кейiп­керiңдi iзде, тақырыбыңды таба бiл, оқушыңның мейiрi қанады, iздеп жүрiп оқитын болады".

Мұнда жазушының өмiр сүру ұстанымы жатыр. Абайдың жолы, Ахаңның жолы, солардың тәрбиесi. Сол ұстанымынан өле-өлгенше бас тартпады. "Өлсем - жайыма өлейiн" деп жазғанында ащы астар бар. Басқаға кесiрiм тимесiн, ажалым ауру не аштықтан, тiрi қалсам бәрiбiр қызылдар көзiмдi құртады деген ой жатыр. Осылайша   Ақтөбе өңiрiндегi елдiң халiн шынайы суреттеген Жиенғалидi қолдан өлтiр­дi.

Жағымпаз, билiкке бас ұрған қо­ғамда шын талантқа, ақиқатқа орын жоқ. Қазақты құртқан - шолақ бел­сен­дiлiк. Шолақ белсендiлiктiң түбi тағы да надандықта. Ақиқатты айтар азаматыңды құртсаң, зиялыңды та­бан­ға салып таптасаң, ғалымыңды қаң­ғытсаң, қысқасы, тұлғаларыңды тен­тiретсең, төрге жағымпаз бен жебiр шығады, ақыры ел құриды. Тексiз елге айналасың. ХХI ғасырда да еңсеңдi көтере алмай жатқаның - сол тексiз­дiң көптiгiнен. Аярлықпен аман қалған тексiз ХХI ғасырда да тексiз ұрпағын көбейтiп жiбердi.

ХVIII ғасырда Ресей империясын басқарған Екатерина 2-шi Орынбор генерал-губернаторына жолдаған нұсқауында: "қырғыз-қайсақты бiр-бiрiмен қас етiп, бiрiнiң етiн бiрi жеуге себеп болыңыз" деген құпия бұй­рығы ғасырлардан асқан  саясатқа алмасты.

Жиенғали сол көп тексiздi сатира сынына түйредi. Жиенғалидiң кейiпкерi - адрестi кейiпкерлер. Шолақ бел­сендi жазушы қаламынан өз бейнесiн көредi, өштеседi, iштей кектеседi. Жалпы, тексiз кекшiл келедi! Мәселен, 1931 жылы "Әдептi сөздер" сатиралық суреттемесiнде сөзiн бастамас бұрын тiсiн шұқып отырған бiр белсендi (етке тойған болуы керек) жиналысқа келген әйелдердi құттықтап:

- Жолдастар, келiндер, қыздар, жеңгейлер, Ақмоланың губисполкомының атынан мен сiздердi о, ә, әлгi значит нетейiн деп келдiм! - деп қойып қалғанда әйелдер бетiн шымшып: - Бiздi жинап алып неткенi несi? - деп қаша жөнелiптi. Ел аш-жалаңаш. Үйiнде татып алар бiр қасық көжесi жоқ. Оған қоймай жұртты жиналыс деп қуып тығады. Елге келген есi дұрыс уәкiлге мұндай жағдайда ас бата ма? Жоқ. Оған бәрiбiр, етке тойып алды. Ендi аш-жалаңаш жұртқа ақыл үйретпек. Мұндай әкiмқаралар, депутаттар қазiр де кездеседi. Жаман әдет жалғасып жатыр. Депутатың шырт түкiрiп, ауыл әкiмiнiң үйiнен етке тойып, Астанасына қайтады. Көп аялдамайды. Бүгiнгiнiң депутаты да, бай-шекпен­дiсi де ауылдағы ашық әңгiмеден қашады.

Жан түршiгерлiк оқиғаның тағы бiрi Жиенғали Тiлепбергеновтiң "Абай" журналында жарияланған "Қайран елiм-ай" көркем әңгiмесiнде суреттелген.

Төңкерiс кезiнде ауылда мұғалiм болған Жиенғали ел арасының жағда­йын өте жақсы бiлетiн. Жас жiгiт жағдайды өз көзiмен көрдi. 1918 жылы Түркiстан өңiрiнiң қазақтары аштыққа ұшырады. Тамақ iздеген жұрттың көбi жаяулап Ақтөбе, Орынборға қарай босты. Себебi, мына Орынбор, Ор жақта кәсiпорындар ашылып жатқан, жұмыс табылады деген сенiммен жол­ға шыққан болуы керек. Өкiнiшке қарай, жете алмаған жұрт темiржол бойында iсiп-кеуiп, қырылып жатты. Комсомолдар Орда барар жол бойында iсiп-кеуiп өлгендердi жинаған. Осы кездерi жұрт қыздарын бiр тiлiм нанға да сатты. Үйiнде алты жаны бар отағасы Андағұл аштық азабынан құтыла алмай, тұңғышы Бәтиманы азығы мол адамға сатпақшы болады. Сонда Бә­тима: "Жолдарыңа құрбандықпын, мен не болсам да сендер тiрi болыңдар. Қайран өз үйiм, қайран өз елiм, әжекем, бауырларым, қош, қош!" - деп әкесiне ерiп өз басын құрбандыққа шалып, кете барады. Қандасы аштан қырылып жатқанда адам сатып делдал сұмдар жүр арада. Саудагердiң сақалы күйiп жатқанда, делдалшы оған қолымды жылытып алайын деп жалақтаған көрiнiсте қалың елдiң қайғысы жатыр. Жазушы мешiн, тауық жылдарындағы жұтта "аштан өлуге айналған үйлердiң жасөспiрiм қыздарын бiр табақ етке сатып алып" байларға тоқал есебiнде қымбатқа сатуды кәсiп еткен жексұрындарды сынға алады.

Тiрiнi шулатып, қарғыстан басқа естiмеген жауыздар қазiр жоқ. Бiрақ олардан қаныпезер ұрпақ қалды.

1922 жылы Мәскеу Жерорта теңiзi арқылы АҚШ-тан 12 мың тракторды қаншама қаржыға РСФСР мен Украинаға алдыртады. Бұл кезде қазақ жерiнде аштық алапаты. Көп нәрсе әлi құпия. Ресей мұрағаты да солай. Сұрағаныңды қолыңа ұстата салмайды. Айтылмайтын, жариялануға тиiс емес жұмбақ әлi көп.

Қай заманда болмасын экономикалық саясат жеке адамның мүддесi тұрғысынан, жеке адамның қажетi мен қалауына лайықталып түзiледi. Бiр адамның өмiр сүру қажеттiлiгiнен, одан бiр отбасының қажеттiлiгiнен, одан ауыл, аудан, облыс қажетiнен. Бiр сөзбен айтқанда, сауатты жоспарлау. Статистика сол үшiн қажет. Жалпы, ел-жұртының ертеңiн ойлайтын мемлекетте экономикалық саясат сауатты экономистiң қырағы көзiмен жасалынған статистика, сараптама-талдау, ал­дын ала болжаудан құралады. Жаңаны осыған қарап қабылдайды. Бiр мемлекеттiң әр өңiрi әртүрлi. Экономикалық саясат сол әртүрлiлiктi ше­берлiкпен ұштастырған экономистер жоспарынан, iзденiстен, жаңалықты енгiзумен байланысты. Мұның бәрi жүйелi, жоспарлы, өткенмен байла­ныс­та iске асырылуы тиiс. Жобалау-жоспарлау, сауатты түрде есептеу. Өткендi жоққа шығару, дәстүрлi шаруашылықты тәрк ету, сол қоғамның өмiр салтына келмейтiн жайттарды адамдармен есептеспей қабылдау бiржақтылыққа әкеледi. Адамдары қоғамнан өгейленедi, билiк оқшауланады, мұның бәрi жақсылыққа әкеп соқтырмасы анық.

Қысқасы, қаржылық, шаруашылық саясат, статистика, талдау-сараптамалық қызмет тәуелсiз, саясаттан тәуелсiз жүргiзiлуге тиiс. Ал билеушi­нiң қас пен қабағына құрылған саяси жүйеге лайықталып қызмет еткенде, экономикалық саясат жүрiсiнен жаңылады. Статистикасы да жалған. Тү­бiнде адамдарды, қоғамды құртады. Тағы да қайталап айтсақ: қай кезеңде өмiр сүрсек те, мұның түпнегiзiнде сауатсыздық пен надандық жатыр. Аштық саясатынан осындай сабақ алуы­мыз керек. Бiлiмдi, көкiрек көзi ашық, не нәрсенi де ашық айтатын адам­дары көп елде мұндай қырғын бол­майды. Менiң түсiнгенiм, 1920-30-жылдары бiз әбден әлсiреген ұлт екенiмiздi көрсетiп алдық. Жүйе кiнәлi болсын делiк, неге сол жүйенiң әп-сәтте мазағына айналдық? Көне түркi заманынан бiздi сақтап келе жатқан ұлттық қорғауыш иммунитетiмiз қайда қалды? Аштық сабағы   бiздiң қазiргi шикiзат сатушы ұлт кейпiнен арылып, бiлiмдi, күштi, көкiрек көзi ашық ұлтқа айналуымыз керектiгiне үндейдi.

- Қысқасы, ұрпағыңды тексiз ете көрме дейсiз ғой. Әңгiмеңiзге рақмет!

Әңгiмелескен -

Баян СӘРСЕМБИНА,

Ақтөбе.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504