Жұма, 22 Қараша 2024
4518 2 пікір 29 Маусым, 2021 сағат 12:56

Аймағамбетов: Шара қолдануыңызды сұраймын

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның барлық мектептері бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілгенін, бірақ тек 55% -ы стандарттарға сәйкес келетіндігін мәлімдеді. Ол сонымен қатар мектеп қауіпсіздігін күшейтпей отырған облыс әкімдіктеріне шара қолдануын сұрады.

"1,4 миллиард теңге бейнебақылау жүйелерін стандарттарға сәйкестендіруге бағытталып отыр. Қаржы Түркістан, Атырау және Жамбыл облыстарының әкімдіктерінен бөлінбегенін айту керекпіз. Сондықтан шара қолдануыңызды сұраймын", - деді Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр "дабыл батырмаларының" саны аз екенін де атап өтті.

"Бүгінгі күні "дабыл батырмаларының" саны - 648. Тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл мәселелер шешілген. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 980 млн.теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат бөлінген жоқ", - деді Білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Елімізде оқушыларға қатысты жасалатын қылмыс саны артқандықтан, қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда "дабыл батырмаларын" орнату, күзейт қою және бейнебақылаумен мектептерді қамтамасыз ету шаралары қарастырылуда.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290