Үндістан жаңа індеттен қырылып жатыр
Үндістанда дәрігерлер 40 мыңнан астам "қара зең" ауруын жұқтырғандарды анықтады.
"Саңырауқұлақ инфекцияларынан болатын өлім-жітім 3129 жағдайды құраған. Ал барлығы 40845 науқас анықталған. Оның ішінде 31344 адамда мұрын қуысы, параназальды синус және мидың бөліктері зардап шеккен", деп Үндістанның денсаулық сақтау министрі Харш Вардхан мәлімдеді.
Індетті жұқтырушылардың 32% -ы 18-45 жас аралығындағы топтарға, 42% -ы 45-60 жас аралығындағы топқа және 24% -ы 60+ санатына жатады. Пациенттердің 64% -ы қант диабетімен ауырған, 53%-нан стероидтер қабылдаған.
Аурулардың көпшілігі Махараштра, Керала, Тамилнад, Батыс Бенгалия және Одиша штаттарында тіркелген.
Abai.kz