Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3948 7 пікір 30 Маусым, 2021 сағат 20:29

Өзбек студенттері президенттерін жаппай мақтауда

Өзбекстанда Самарқанд пен Әндіжан мемлекеттік университеттерінің студенттеріне әлеуметтік желілерде президентті мақтаған пост жазып, сынаушыларға қарсы теріс пікірлер қалдыруды тапсырған. Бұл туралы centralasian.orgке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметі аталған оқу орындарының студенттеріне сілтеме жасап, хабарлады.

Самарқанд мемлекеттік университеті филология факультетінде оқитын студенттердің айтуынша, оқу орнының басшылығы Facebook және Youtube'тағы президент саясатын сынаған посттарға қарсы теріс пікірлер жазуға мәжбүрлеп жатыр.

"Кураторымыз Facebook'тағы президентті сынаған пікірлерге қарсы теріс комментарийлер жазуға мәжбүрлеп жатыр. Мен бас тартып, екі күннен бері ешнәрсе жазған емеспін. Бүгін жазуға мәжбүрледі", - дейді аты-жөнін айтқысы келмеген студенттердің бірі.

Ол әлеуметтік желілерде қандай посттарға пікір қалдыру керектігін деканның орынбасары тапсырып отырғанын айтады.

"Олар бізден троллдор армиясын құрмақшы. Әркім өзінің жеке ойын білдіріп жатыр. Неге біз оларға қарсы пікір жазуымыз керек. Адамдар елде не боп жатқанын өздері де көріп жатыр. Декан орынбасары Миржалол Боботаев бас тартқан студенттер оқудан шығарылады деп қорқытып жатыр", - дейді ол.

Студенттердің бұл айтқандары бойынша аталған оқу орнынан пікір алуға мүмкін болмады. Әндіжан мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары да осы жағдайды айтып отыр. Бірақ оқу орнының рухани-ағарту істері бойынша проректоры мұның бәрін теріске шығарды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036