Жексенбі, 2 Ақпан 2025
4077 0 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 12:01

Үнді штаммы Қазақстанның барлық аймағынан табылды

Үнді штаммы Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерге ПТР скринингі жүргізілген. 

"2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «үнді» штаммын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі жүргізілді. 48,3% -да «үнділік» штамм барлық облыстар мен Нур-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында табылды", - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша әлемнің 96 елінде SARS-CoV-2 «дельта штамы» анықталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар