Сенбі, 19 Сәуір 2025
3021 0 пікір 6 Шілде, 2021 сағат 11:51

Өзбекстанда іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

Өзбекстанда жаппай іс-шаралар өткізуге шектеу қойылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы республикалық комиссия шешіміне сілтеме жасап хабарлады.

Шешімге сәйкес, жаппай мерекелік іс-шаралардың барлық түрлерін, спорт жарыстарын, ашық және жабық орындарда концерт, фестиваль және кинобағдарламалар өткізуге шектеу қойылды.

Сонымен бірге спорт жарыстарын көрерменсіз өткізуге рұқсат берілген.

1 тамыздан бастап Өзбекстанда той, жиын өткізу үшін қатысушылар саны 50 адамнан аспауы керек деген шектеулер енгізілді.

Өткен аптада Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссия 28 маусымнан 12 шілдеге дейін Өзбекстанда карантин шектеулерін күшейту туралы шешім қабылдаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2042
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4101