Сенбі, 23 Қараша 2024
4700 6 пікір 7 Шілде, 2021 сағат 12:52

«НұрОтан» депутаты 2,162 млрд теңге тендер алады

29 жастағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Отау-Строй» ЖШС директоры Аслан Әлімбек бюджеттен 2,162 миллиард теңге тендер алады.

Депутат бұл қаржыға төрт жолақты автомобиль жолының 3,994 шақырымын салмақ.

«Шымкент қаласының шығыс айналма жолының құрылысы.I кезең (№1 жолдан әл-Фараби көшесіне дейін)». Жеңіп алды - «Отау-Строй» ЖШС.  Тапсырыс беруші - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»,- делінген лот сипаттамасында.

Жобаның техникалық сипаттамасында Шымкент қаласының шығыс айналма жолының салынуы қаладағы трафиктің қысқаруына және транзиттік көліктердің қаланы айналып өтіп, кедергісіз, апатсыз өтуіне кепілдік береді деп көрсетілген. Жұмыс жобасы төрт аялдаманы орнатуды көздейді.

Құрылыс мерзімі - 22 ай. Тапсырыс берушінің 2020 жылғы 5 маусымдағы хатына сәйкес құрылыстың басталуы 2021 жылдың II тоқсанына жоспарланған. Тендер жеңімпазымен келісімшарт 22 маусымда жасалған.

Айта кетейік, кәсіпкер Аслан Әлімбек 2021 жылы 10 қаңтарда өткен мәслихат депутаттарын сайлау кезінде «НұрОтан» праймеризіне қатысып, депутат болған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379