Жексенбі, 2 Ақпан 2025
2774 0 пікір 8 Шілде, 2021 сағат 14:27

Өзбекстан жүзім өсіруге 100 млн доллар бөлмек

Өзбекстанның коммерциялық банктеріне жүзім отырғызуды қаржыландыру үшін 100 миллион доллар бөлінеді деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

«Орта есеппен 1 ​​гектар алқапта жүзім өсіруге 100 миллион сум жұмсалады, ал 4 жылдың ішінде ол 250 миллион сум таза пайда әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жергілікті жүзімнің шығымы басқа Азия елдеріне қарағанда 1,5-2 есе төмен. Өзбекстандағы жүзімнің басым көпшілігі сүйекті сорттар, ал әлемде тұқымсыз жүзімге сұраныс артып келеді.

Саланың экспорттық әлеуетін талдау барысында ағымдағы жылы асханалық жүзім экспортын 200 миллион долларға дейін, мейіз - 130 миллион долларға, ал табиғи шараптар экспортын 50 миллион долларға дейін ұлғайтуға болатындығы нақтыланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар