Сенбі, 23 Қараша 2024
2883 0 пікір 9 Шілде, 2021 сағат 13:48

Қырғыз-тәжік тағы атысты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды. Оқиға 8 шілдеде сағат 17:00 шамасында болды деп хабарлады Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Шекара әскерлерінің хабарлауынша төрт қырғыз әскери қызметкері жергілікті тұрғындардың бірнеше жылқысын ұрлап, Қырғызстанға алып кету үшін Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Әскерилер Калашников автоматтарымен қаруланған. Алайда бұл ақпаратты қырғыз тарапы жоққа шығарып отыр.

Шекарадағы қақтығыс салдарынан екі тараптан да қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Қазіргі уақытта екі елдің шекара ведомстволарының өкілдері оқиға орнына аттанып, Қырғызстанның Баткен облысы мен көршілес Тәжікстанның Соғды облысы өкілдерінің кездесуін өткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415