Заңсыз вакцинация паспортын жасағандар ұсталды
Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарында вакцинация төлқұжаттарын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.
"Олар іс жүзінде вакцинацияланбаған адамдарға құжаттар шығарып, вакцинаны жойып отырған. Көріп отырғаныңыздай, халықтың денсаулығы байыту объектісіне айналды, ал бюджеттен бөлінген ақша босқа кетеді. Осындай жалған төлқұжат алған адамдар біздің қасымызда жүреді, бір көлікке мінеді, бір ұшақта ұшады", - деді Ахметжанов бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша Антикорға берген есебінде.
Заңсыз төлқұжат жасаушыларды ұстау өз жалғасын табатынын мәлімдеді.
Abai.kz