Сенбі, 31 Шілде 2021
Білгенге маржан 3594 4 пікір 14 Шілде, 2021 сағат 15:14

«Ақылды қала» дегеніміз не?..

Халықпен ақпаратты бөлісу, іс-қызметті тиімді болдыру, азаматтарының  жақсы өмір сүруі үшін  әкімшілік  қызметін жақсарту мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын қала -  «Ақылды қала» деп аталады.

Ақылды қаланың басты мақсаты - ақылды технологиялар және деректерді талдау көмегімен азаматтардың өмір сүру ортасын жақсартумен қатар, экономикалық өсімді қолдау, сондай-ақ қала құрылымы мен функцияларын оңтайландырып, нақтылы деңгейге жеткізу болмақ. Оның негізгі мәні технологияның қаншалықты қолданылатындығына емес, оның қалай қолданылатынына байланысты.

Ақылды қала келесі сипаттамаларға ие болуы тиіс:

- Технологияға негізделген инфрақұрылым

- Экологиялық бастамалар

- Тиімді және өнімділігі жоғары қоғамдық көліктер

- Сенімді және болашақты болжайтын қала жоспары

- Бар ресурстарды пайдалана отырып, қалада жұмыс істеу және өмір сүру мүмкіндігі

Ақылды қаланың жетістігі көпшіліктің және жеке секторлардың өзара тиімді қатынасына тікелей  байланысты. Мәліметтерге негізделген ортаны құру және пайдалану үшін үкіметпен бірлесіп жұмыс істейді.

Ақылды қаланың кейбір құралдары:

Автоматтандыру, машиналық оқыту және заттардың интернетін біріктіре отырып, ақылды қала технологиясын бірнеше мақсатта енгізуге болады. Мысалы, ақылды автотұрақтар жүргізушілерге бос орын  табуға және сандық төлемдер жасауға мүмкіндік береді.

Ақылды жол менеджменті қалалық кептелісті бақылауды, кептелісті азайту үшін бағдаршамдарды оңтайландыруды немесе көлік құралдарын бөлу қызметін енгізуді қамтиды.

«Ақылды қала» бастамасы интернетке негізделген қалдық-қоқыстарды жинау және тасымалдау жүйесі арқылы климаттың өзгеруін, ауаның ластануын, қалдықтарды бақылап, санитарлық қызметтерді жүзеге асыра алады.

Ақылды қала технологиясы қоғамдық қауіпсіздікті бақылай алады. Бұған мысал ретінде қылмыс ошақтарын бақылау және су тасқыны мен табиғи апаттар туралы алдын-ала ескерту жатады.

Ақылды ғимараттар кеңістікті басқару және қызмет көрсету туралы нақты уақыт режимінде ақпарат бере алады. Қала тұрғындарына  анықталған апатты  шұңқырлар мен траншея жамылғылары сияқты проблемалар туралы, сондай-ақ инфрақұрылым мәселелері туралы дер уақытында  хабарлай алады.

Сонымен қатар ақылды қала технолгиясы өндіріс ошақтары, ауыл шаруашылығы,  энергия тиімділігін арттыруға бағытталады.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

4 пікір