Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2663 0 пікір 25 Мамыр, 2012 сағат 12:12

Қазақстан көші-қон саясатын пысықтады

Кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелерін Ақордаға жиып, отырыс өткізді. «Еліміздің әлем таныған аса зор табыстары Қазақстан азаматтығы институтының да беделін барған сайын арттыра түсуде, - деді Мұхтар Абрарұлы. - Мұның өзі - Елбасының ұлтаралық, дінаралық және қоғамдық келісімге негізделген сарабдал саясатының арқасы. Бұл - Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан жаң­ғыртудағы Қазақстан қол жеткізген толағай табыстарының әлемдік деңгейде мойын­дал­ғандығының айқын айғағы».

Комиссия мүшелерінің қарауына «Қазақстан азаматтығына қабылдау» ғана емес, «Қазақстан азаматтығынан шығу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан шығу мәселелері бо­й­ын­ша Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігінің өзара әрекеттері туралы» деген «күн тәртібі» шығарылды. Бір айта кетер жайт, соңғы жылдары көші-қон үдерісінде Қазақстанда тұруды саналы түрде таңдайтындар қатарының өсіп отырғандығы байқалады.

- Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы сая­сатының арқасында әлемнің әртүрлі елдерінен келген 850 мыңнан астам адам Қазақстан Респуб­ликасының азаматтығын алды, - деді Мемле­кет­тік хатшы. - Олардың басым көпшілігі, атап айтар болсақ, 780 мыңға жуығы - тағдыр та­лайымен, ашаршылық және сталиндік қуғын-сүргін жылдарында тарихи Отанынан амалсыз көшуге мәжбүр болған біздің қандастарымыздың ұрпақтары.

М.Құл-Мұхаммедтің мәліметінше, бертінде, 1990 жылдары Германияға, Грекияға, Ресейге, Украинаға, Беларусьқа және тағы да басқа ел­дер­ге көшкен жұрттың соңғы жылдары Қа­зақ­стан­ның азаматтығын қайта алуға құштарлық біл­діруі және оралу үрдісі жүруде. Элегиялық-нос­тальгиялық астарын айтпағанда, мұның нақты экономикалық себебі де бар. «Бүгінде әлемнің көптеген елдерін дағдарыс жайлаған, - деді Мұхтар Абрарұлы. - Еңбекақы, әлеу­меттік жәр­демақы, зейнетақы мөлшері қысқартылу үстінде. Ал Қазақстан ауқымды индустриялық жо­ба­ларды іске асырып, жаңа мектептер, ауру­ха­налар, балабақшалар, қол­же­тімді баспана­лар салып, қарқынды даму жолына түсіп отыр. Бұл - Елбасының әлеуметтік, эконо­микалық саясатының дұрыс екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес, жыл сайын қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі артып келе жатыр». Мем­лекеттік хатшы дүниежүзі назарын өзіне аудар­ған V Ас­тана экономикалық форумын, алдағы аптада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дерлерінің ІV съезін «Президентіміз таңдаған «Қазақстандық жолдың» табыстылығының та­ма­ша дәлелі» деп бағалады.

Комиссия мүшелеріне қайырылған Мұхтар Құл-Мұхаммед оларды көгілдір құжатымызды төсіне басып, Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген әрбір адамның өтінішін мұқият қарауға шақырды. Күн тәртібіне шығарылған мәселелерді «өте маңызды» деп атаған Мемлекеттік хатшы олар бойынша кейінгі кезде жауапты меморган­дардың бірқатар жұмыстар атқарғандығын, бұл құрылымдардың ақпараттары тегіс комиссия мүшелеріне таратылғандығын ескертті.

Жиын барысында Президент Әкімшілігі бас­шысының орынбасары Т.Донақов пен ҰҚК және Сыртқы істер министрлігі басшыларының есеп­тері тыңдалды. Талғат Донақов азаматтық алу процедурасы оңтайландырылып жатқандығын жеткізді. Былтырғы шілдеде азаматтық алу тура­лы заңнамаға тиісті өзгерістер ендігі ензігілген екен. Жиын қорытындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар жасалды.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6095