Сенбі, 23 Қараша 2024
3507 0 пікір 15 Шілде, 2021 сағат 15:30

Құрбан айт намазы қалай оқылады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайындағы Құрбан айт туралы баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бас мүфтидің айтуынша, ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы 10 күні қасиетті күндер саналады. Хижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Ал арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

«Биылғы 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 7.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы орайда, Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады. Жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз», - дейді Бас мүфти.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502