Жексенбі, 20 Сәуір 2025
4048 2 пікір 15 Шілде, 2021 сағат 15:38

ҚТЖ-ға қарасты филиал директоры парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген іс-шаралардың нәтижесі бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде ақшалай қаражат алып келген деген күдікке ілінді. Жалпы 5 миллион теңгеден аса қаражат алынды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137