Жексенбі, 2 Ақпан 2025
4266 6 пікір 16 Шілде, 2021 сағат 14:19

Пәкістан тәлібтерді қолдап, Ауғанстанға сес көрсетті

Исламабад ауған билігінің Спин-Болдак аймағынан тәлібтерді қуып шығу әрекеттеріне қарсы Пәкістан әскері қатаң жауап беретінін мәлімдеді. 

"Пәкістан ауған әскері мен әуе күштері тарапынан Спин-Болдак ауданындағы тәлібтерді қуып шығу әрекеті болса, онда Пәкістан әуе күштері қарсы соққы жасайтынын ресми мәлімдеді. Қазіргі таңда Пәкістанның әуе күштері кей аймақта тәлібтерді қолдап, соққы жасауда", — деп жазды Ауғанстанның вице-президенті Амрула Салех өзінің Twitter парақшасында.

Екі күн бұрын тәлібтер Спин-Болдак ауданын басып алып, өз туларын ілген еді. Пәкістан алдағы аптада Ауғанстанда бейбіт келісім бойынша келіссөздер өткізбек.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар