Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 7570 0 пікір 19 Шілде, 2021 сағат 15:47

Жоқшылықтың ұсқынсыз түрі қылаң береді

Ақтеңіздің жағасында отырмын. Күн әлі күшіне мініп, қатты ыси қойған жоқ.
Майда толқындардың жағаны ұрған жеңіл ырғағы құлаққа жағымды естіледі. Баяғы апаларымның бір сарынмен қымыз сапырғанындай құдды бір.
Таңғы мезгіл ғой. Жағажайда жұрт аяғы сирек. Қонақ үйдегі қоныстарынан құйрықтарын көтере қоймаған сияқты әлі.

Қонақ үй демекші, кеше келген бетте байқағаным, иісі қазақтан мен-ақ жүрген сияқтымын осы жерде. Айналамдағылардың бәрі европалықтар. Елдегі ескі түсінікпен бәрін "орыстар" екен деп ойласам, жоқ, немістер, поляктар, итальяндар, т.б. Бір-бірімен сөйлескен тілдері солай дейді...
Біздің қазақтар теңіз жағалауындағы курорттарда неге аз? Немесе, неге мүлде жоқ?

Бұрын мен мұның себебін "үйкүшіктіктен" көруші ем. Енді басқа ой мазалап отыр. "Үйкүшіктік" емес, сол ешжаққа аттап басқызбайтын "үйкүшіктіктің" аржағынан жоқшылықтың ұсқынсыз түрі қылаң беретін сияқты.
Әйтпесе, мынау мен отырған жер ең арзан курорттардың бірінен саналады. Миллионерлер мен миллиардерлер үшін бұл жағалау таңсық емес. "Тегін" деп шақырсаң да келмейді.

Қазағым, Қаратеңіз бен Ақтеңіздің жағасындағы қарапайым курорттарда қашан мына европалықтар сияқты қарақұрым боп жүрер екен?!... Анау қымбаттарын айтпай-ақ қояйын...

Қой, отыра бермей бөлмеме барайын. Еңсемді езген ойдан құтылам ба деп кеп ем осы жаққа, бір күн болмай артымнан әзірейілдей боп жетіп келгенін қарамайсың ба?Еһ...

Көсемәлі Сәттібайұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543