Сенбі, 23 Қараша 2024
2219 0 пікір 15 Шілде, 2021 сағат 20:24

Есірткіге қарсы күрес қарқынды жүруде

Есірткі ең қауіпті әрі зиянды қылмыс түріне жатады. Әлем елдері бұл қылмыспен күресу жолында сан түрлі операциялар, сансыз жиындар мен басқосулар өткізіп жатыр. Алайда есірткі қылмысын толық жеңу оңай емес. Есірткінің түрі мен оны жасау технологиялары өзгеруде. Сонымен қатар есірткіні сатудың да жаңа жолдары пайда болуда. Ол интернеттің дамуынан кейін тіпті белең алып кетті. Құқық қорғау органдары бұл тұрғыдан күн сайын жаға заңсыз есірткі сататын сайттарды, телеграм арналарын бұғаттап отыруға мәжбүр. Есірткімен күресудің ең тиімді жолы есірткі сатушыларды, оны жеткізушілерді тұтқындай, есірткі қоймаларын жою болып табылады. Алматы облысында есірткімен күресудің нақты жолдары мен қадамдары жасалуда. Есірткіні көбіне жастар қолданатындықтан студент жастар мен мектеп оқушылары арасында есірткінің зияны жайлы, одан бас тартуға қатысты тренингтер өтуде. Ал есірткі қолданып, оның зардабын шеккен жастармен арнайы психологиялық жұмыстар жүргізіліп, оларды сауықтыру бойынша нақты іс-әрекеттер іске асып жатыр. Есірткі тасымалдаушы қылмыстық топтар да құрықталуда.

Наурыз айында Алматы облысының құқық қорғау органдары арнайы операция барысында Талдықорғанда екі жасты ұстады. Тінту кезінде олардан 16 мың доза түрлі синтетикалық есірткі түрлерін табылған еді. Жалпы табылған есірткінің көлемі бір келіге дейін жеткен. Тәркіленген психотроптық заттардың құны 44 миллион теңгеге бағаланады. Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінің пәтерінен есірткіні орау материалдары, «синтетиканы» орауға арналған заттар, сондай-ақ қылмыскерлер өздері есірткіні жасыратын орындардың карталары мен есірткіні жабыстыратын магниттік өнімдер табылған. Бұл жастар арасында кеңінен таралған есірткі сату әдісі болып табылады. Телеграм немесе өзге де арналар арқылы есірткі сатушыға шығып, тапсырыс беріп, есірткіні арнайы белгіленген орынға жасырынған магниттік өнімдер арқылы сатып алып отырған. Бұл қылмыс түрін анықтау және тасымалдаушыларды ұстау өте қиын. Сондықтан да құқық қорғаушылар жиырма төрт сағат бойы көз ілместен жұмыс істеуге мәжбүр. Синтетикалық есірткі түрлері жастар арасында кеңінен тарап, олардың суицидке бару, жүрек талмасына ұшырау себепкері болуда. Алматы облысында бұл қылмыс түрін жойып, жастарды салауатты өмір сүруге шақыру және сол үшін күресу жолдары тоқтаған емес. Сөзіміздің дәлеллі ретінде өзге де операцияларды айтсақ болады.

20 маусымда «Қарасора-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Іле аудандық полиция бөлімінің есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Боролдай ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстаған еді. Ол өсіп келе жатқан таңқурайдың жанындағы бақта құрамында есірткі бар өсімдік өсірген. Одан 126 қарасора бұталары тәркіленді. Ұсталған адам түсіндіргендей, ол жеке тұтыну үшін қарасораны өсірген. Сонымен бірге, мұнда оның есірткі затын темекі негізінде шегу арқылы қолдануға арналған құрылғысы табылды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20 наурыз күні Алматы қаласында үлкен есірткі шығару қоймасы жойылды. Ол Әуезов ауданы аймағындағы пәтерлердің бірінде болған. Жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі тұтыну мақсатында 15 адамға дейін аталмыш үйге ұдайы жиналып отырған. Полиция келген уақытта үйде адам лық толы болған. Есірткі қолдану орталығын ұйымдастырушысы пәтердің иесі, 44 жастағы азамат болып шықты. Ол өзі де есірткі қолданушы болып шықты. Оның үйінен тәркіленген мефедрон, героин сияқты заттар табылды. Факт бойынша ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4 бөлімі бойынша үйде ұсталған өзге азаматтар да полиция бөліміне апарылып, жауап алынды. Күдіктінің іс-әрекеттері бап бойынша талаптарға сай келеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 302 «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтыну үшін орындарды ұйымдастыру немесе ұстау және сол мақсаттарға үй-жай беру» бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сол күні «Арлан» арнайы бөлімшесінің және кинологиялық орталықтың қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезінде Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қоғамды үлкен қауіпке апарар есірткі тасымалдау, есірткі өндіру қылмыстары бойынша к.рес тоқтамақ емес. Ұрпақты сау ұстау, тәрбиелеу және оларды зиянды әдеттерден сақтау бойынша Алматы облысындағы жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529