Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
5934 2 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 11:09

Алматыда локдаун енгізіле ме?

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте Алматыда локдаун енгізілмейтінін айтты. Бұл туралы baq.kz сайты жазды. 

Бекшин атап өткендей, аурудың өсуіне қарамастан, қаладағы денсаулық сақтау жүйесі оны жеңе алады.

- Өткен жылы біз медициналық инфрақұрылымды дайындадық. Атап айтқанда, төсек-орын жүйесі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар жеке қорғаныс құралдарында проблемалар жоқ. Жүйенің оған қауқары жетеді. Одан бөлек, қалада ауруханаға жатқызуда проблемалар жоқ, - деді қаланың мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Ол барлық қызмет тиімді жұмыс істеп жатқанын, сонымен бірге жүктемені жеңе алатынын айтты.

Ал жедел жәрдемнің не себепті кешіктірілуіне қатысты журналистің қойған сұрағына былай деп жауап берді.

- Жедел жәрдемнің келуін кешіктіру жағдайлары болса, call-орталыққа хабарласу қажет, - деп айтты Бекшин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бекшин вакцина алған 178 адам қайта вирус жұқтырғаны туралы айтты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1513
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5830