Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4170 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:05

76 мыңнан астам бала мектеп-интернаттар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр

АСТАНА.  1 маусым. ҚазАқпарат -  Елімізде 76 мыңнан астам бала мектеп-интернаттар мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр.

Бүгін 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Парламент Мәжілісінде «Заңнама және тәжірибедегі қазақстандық балаларды жан-жақты қорғау жолында» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді.

«Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда 12 мыңнан астам бала интернат типіндегі мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл  көрсеткіш ТМД шеңберіндегі жан басына шаққандағы аса жоғары көрсеткіш болып  табылады»,-деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, аталған балалардың тек 4,1 ғана жетімдер. Ал, басым бөлігі тұл жетім емес, әкесі не шешесі бар. «Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде қазіргі таңда 11 мыңнан астам қолайсыз отбасылар тіркелген. Осы отбасыларда 17 мыңнан астам балалар тәрбиеленуде»,-деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 934
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2419
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 643
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 627