Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ. БОКОВА АБАЙҒА ЖҮГІНДІ, ТОҚАЕВ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІ АЛ АСТАНАДА МАСОНДЫҚ БЕЛГІЛЕР ҚАПТАП БАРАДЫ
Бір апта бұрын ғана Астанада кілең қаржыгерлер жиналып дағдарыстан әлі талай жыл басымызды көтере алмайтынымды айтып, қара аспанды жерге төндіріп қорқытып кетіп еді, ізін ала діндарлар съезінің басталғаны дұрыс болды - «Құдай деген адамның құр қалмайтынын» айтып жұбатып жатыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Астанаға биыл төртінші рет жиналып отыр. Осы мақсатқа арнайы салынған Бейбітшілік пен келісім сарайының ішінде ихрам мен куфиесімен танылған арабтар, кипа мен шляпа киген иудейлер, митры менмұндалаған католиктер, екі-үш құлаш матаға оранған будда монахтары, қарқарадай клобугымен көз тартқан православ өкілдері, кимонолы жапон синтоистері, тағы да біз біле бермейтін иудаизм, даосизм, тіпті зороастризм өкілдері де осында. Алыста тұрып-ақ 47 елден келген 500-ден астам делегаттардың кім екенін, қайдан келгенін осы киімдеріне қарап долбар жаусауға болады. Бұлардың бәрі Астана төріне үш жылда бір рет жиналады. Делегация мүшелерінің арасында Астанаға, дәл осы съезге үшінші, төртінші мәрте келіп тұрғандары да бар. Биыл да «Бейбітшілік пен келісім - адамзаттың таңдауы» деген тақырыппен «Діни лидерлердің тұрақты дамуға қол жеткізудегі ролі», «Дін және мәдениеттер алуандығы», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи қатерлер», «Дін және жастар» атты айдарлармен төрт секция жұмыс істеді.
Бір апта бұрын ғана Астанада кілең қаржыгерлер жиналып дағдарыстан әлі талай жыл басымызды көтере алмайтынымды айтып, қара аспанды жерге төндіріп қорқытып кетіп еді, ізін ала діндарлар съезінің басталғаны дұрыс болды - «Құдай деген адамның құр қалмайтынын» айтып жұбатып жатыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Астанаға биыл төртінші рет жиналып отыр. Осы мақсатқа арнайы салынған Бейбітшілік пен келісім сарайының ішінде ихрам мен куфиесімен танылған арабтар, кипа мен шляпа киген иудейлер, митры менмұндалаған католиктер, екі-үш құлаш матаға оранған будда монахтары, қарқарадай клобугымен көз тартқан православ өкілдері, кимонолы жапон синтоистері, тағы да біз біле бермейтін иудаизм, даосизм, тіпті зороастризм өкілдері де осында. Алыста тұрып-ақ 47 елден келген 500-ден астам делегаттардың кім екенін, қайдан келгенін осы киімдеріне қарап долбар жаусауға болады. Бұлардың бәрі Астана төріне үш жылда бір рет жиналады. Делегация мүшелерінің арасында Астанаға, дәл осы съезге үшінші, төртінші мәрте келіп тұрғандары да бар. Биыл да «Бейбітшілік пен келісім - адамзаттың таңдауы» деген тақырыппен «Діни лидерлердің тұрақты дамуға қол жеткізудегі ролі», «Дін және мәдениеттер алуандығы», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи қатерлер», «Дін және жастар» атты айдарлармен төрт секция жұмыс істеді. Мұның бәрін тәптіштей айтып жатқанымыз, атауы өзгергені болмаса, жыл сайын әңгіме тек бір-ақ тақырыпта өрбиді: бейбітшілік және келісім. Бұл жиында ең көп қайталанатын сөз «диалог жасау», «диалогқа келу», «диалогтың нәтижесінде», қойшы әйтеуір, диалог, диалог, диалог... Съезд төртінші рет өткізіліп жатса да, жұрттың бәріне белгілі бастапқы мәселеден басқа жаққа тақырыптың ауытқымайтынын білетін журналистер бір қораға тоғытылған соң мониторға анда-санда бір көз тастап қойып, «сол баяғы таныс әләуләйлім ғой» дегендей, алқа-қотан отырып алып, интернет атқарып, шай ішіп, фэйсбукке шығып, агентпен сөйлесіп, арқа-басын жазады.
Сондықтан өзіміз байқаған жайттарға тоқталайық. Биылғы съездің бір жаңалығы - Ресей православ дінбасы, Патриарх Кирилл әкейдің, Бүкілдүниежүзілік мәзхабтарды жақындастыру Ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мұхаммед Әли Тасхиридің, ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Ирина Бокованың, Ватикан мемлекетінің губернаторы, Ватикан елінің Папа комиссиясы ісі бойынша құрметті президенті Джованни Лайолоның келуі болды. Бас хатшылыққа бірінші рет әйелден басшы болып сайланған болгардың қайраткер қызы Ирина Бокова ханым көкейге қонымды ойларын ағылшын тілінде айтып шықты да, сөзін Абайдың қара сөзімен түйіндеді. «ОккупайАбай» сонау Париждегі ЮНЕСКО-ны жаулап алғандай онысына ішіміз жылып қалды. Түс әлетінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі бастаған бас имамдармен брифинг өтті. Бас мүфти алдымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезінде діни қайраткерлер кеңесі құрылғанын сүйіншіледі. Оған төрт мемлекеттің ғана ірі дін қайраткері мүше бола алған, бірі - Әбсаттар қажы Дербісәлі. Сосын қарап отырып шапанының етегіне оратылып сүрінгендей болды. Ол кісі айтты: «Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келді! БҰҰ-ның атынан! Пан Ги Мунның атынан! Көрдіңіздер ме, баяндамасының жартысын қазақша жасады!» деп сұқ саусағын аспанға шошайтқанда, қапелімде Пан Ги Мунның өкілі қазақша білмейтіндей көрініп «па, шіркін» деп қала жаздадық. «Тілі» он жыл бұрын шыққан Тоқаев елінің төрінде отырып қазақша сөйлемейтіндей қандай жиын бұл сонда? Бізден басқа ешбір ел өз тілінде сөйлегеніне дәл осылай қуаныш білдірмейтін болар.
Жиынды Сенат төрағасы Қайрат Мәми жүргізіп отырды. Орыс тілінде. «Не айтып жатыр екен?», - деп құлаққапты басымызға ілдік. Қызық көріп алдымен қазақшасын тыңдадық, сосын орысшасын, сосын ағылшынша, сосын арабша, сосын парсыша ... Шымкенттік достарым айтпақшы, қатты қапа болдым болдым сосын. Қазақшасына. Дауысына қарап шамалағанымыз, жиынның барысында 3-4 тәржімашы ауысты. Бірі жақсы аударды, бірі орташа тәржімалады, бірінікі тіпті аударма деуге ауыз бармайды. Бірақ қайсысы тәржімаласа да жатық емес. Ана тілімізді айыптауға еш қақымыз жоқ, ілеспе аударма түгілі, жазба аударманың да ноқтасын басына оңайлықпен кигізе қоймайды. Аударма деген нәрсемен әу бастан арасы онша емес. Бірақ осындай үлкен жиындарда аудармашылардың кәсібилігін қатаң қадағалаған жөн-ау деп ойладық.
Съезде адам сенбейтін қызықты жайттар да болды. Мәселен, Ашкенази раввині Йона Мецгер Израиль мен Палестина арасындағы қанды кек, қақтығыстарға құрылған ауыр қарым-қатынасқа қарамастан, араб еліне деген сүйіспеншілігі мен махаббатын білдірді. Сефард раввині Шломо Омар да ашкеназилік әріптесінен бір елі қалыспай, сай-сүйекті сырқытатын мейірімге толы дауыспен Египеттің жаңадан сайланатын президентінің тілеуін тілеп күні-түні құлшылық ететінін айтты. Құй сен, құй сенбе. Діннің мәселесін қаузаған сайын діни проблемалардың көбейіп бара жатқанын мұндағы әр дін өкілі біледі. Мойындайды. Мысалы, жуырда ғана Америкада тағы да қасиетті Құран өртелді. Екінші рет. Америкадағы христиан шіркеулері одағының басшысы Леонид Кишковский ол пастордың Америка қоғамы үшін маргинал екенін айтып, әр мемлекет түгілі, әр отбасында бір тентектің болмай қоймайтынымен түсіндіруге тырысты.
Сондай-ақ журналистермен өткен брифингте Астананың әр жеріне мақсатты яки мақсатсыз түрде оңды-солды салынып жатқан масондық сегізбұрыштар жөнінде де айтылмай қалған жоқ. Еврей дінбасылардың көзқарасын білу үшін қаптап кеткен сегізбұрыштар туралы сұрақ қойылғанда, израильдік раввин «бізге мұның түкке де керегі жоқ» деп жауап берді. Бұл сұраққа ешкімнің жауап бергісі келген жоқ. Ал Астананың масонданып бара жатқаны кімге керек болып отырғаны біздің де көңілді қытықтаған күйі құпия қалды.
Кеше съездің екінші күні қонақтар Астанадағы «1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументалды ескерткішінің ашылу рәсіме қатысып, өлгендердің рухына дұға жасады. Әрине, дінбасылар бүкіл проблеманы бір сәтте шешіп тастай алмас, бірақ съезде адамзаттың болашағына қатысты көп түйіндерді қозғауға, саралауға, бірлесіп жол табуға бағыттайтыны рас.
«Халық сөзі» газеті