Сенбі, 11 Қазан 2025
4870 0 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 11:46

Зейнеткерлерге 59 мың теңге: Ақпарат рас па?

Қазнетте әр зейнеткерге 59 мың теңге төленетіні туралы ақпарат тараған. Мұндай бұйрықты президент Қасым-Жомарт Тоқаев берді деп жазған. Бұл жалған ақпарат екені анықталды. 

Stop Fake бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды деп жазады.

"Біз азаматтарға мұндай хабарламаларды киберқылмыскерлер жеке шоттар мен банк шоттарына кіру үшін пайдалана алатынын ескертеміз. Ешқандай жағдайда күмәнді сілтемелерге кірмеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз", - деп түсіндірді департамент.

Еңбек министрлігі азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауға және ақпаратты тек ресми дереккөздерден іздеуге кеңес береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 818
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9887