Сенбі, 23 Қараша 2024
3730 8 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 12:09

Бұрынғы министр курьер болып жұмыс істеуде

Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі, Германияға қоныс аударған Сайед Ахмад Шах Садаат Лейпцигте курьер болып жұмыс істеуде.

Бұрынғы шенеунік Ауғанстаннан 2020 жылдың соңында кеткен. Экс-министр жинаған қоры таусылған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты деп жазады Leipziger Volkszeitung.

Бүгінде экс-министр Lieferando жеткізу қызметінде азық-түлік пен сусын жеткізу арқылы күн көруде. Садааттың айтуынша ол Германиядағы ең ірі байланыс компаниясы Telekom-ға жұмысқа орналасуды армандайды.

2018 жылдан бастап Саадат Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани басқарған министрлер кабинетінің мүшесі болды. Саадат ауыл тұрғындары үшін ұялы байланыс желісін кеңейтуге жауапты болған. Өткен жылы Ғани үкіметі Саадат "Талибанға" қарсы үкіметтің стратегиясын әзірлеген агенттікті қаржыландырудан бас тартқаннан кейін оны отставкаға кетуге мәжбүр етті. Нәтижесінде бұрынғы министр Германияға қоныс аударып, жаңа өмір бастады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351