Нұрмұхаммед МАМЫРБЕК. АБАЙДЫ ЖЫНОЙНАҚТАН КІМ АРАШАЛАЙДЫ?
Исі қазақ кие тұтатын Абайдың атын әлдебіреулер жеке мақсатына пайдалануын қояр емес. Аяулы есімді көр-жердің бәріне пайдалану ұлтымызға сын екенін құзырлы орындар да елеп-ескеріп жатпағаны өкінішті.
Мәселен, Астанада Абайдың атында бір емес, екі қонақүй бар. Кітапхана, мектеп, мәдениет үйі, театрға берсе, жарасады, ал енді қонақүйге Абайдың атын беру масқаралық емей немене?! Оның үстіне Астанадағы ең іргелі қонақүй болса, тағы мейлі дерсіз. Ортаңқол жатаққа ұлттық мақтанышымыздың атын қайтып қиямыз? Абай қонақүй бизнесімен айналыспаған, шаштаразшы да, моншашы да болмаған, ендеше оның есімін қонақүйге берудің қандай қисыны бар? Ең сорақысы, данышпанның атымен аталатын қонақүйдің маңында жынойнақтың неше атасы жасалатынын көріп, естіп жүрміз.
Абай қонақүйі темір жол бекетінен таяқ тастам жерде орналасқан. Вокзал мен базар маңы қандай болатынын білетін боларсыз. Білмесеңіз айтайық, бұл маң түнгі көбелектер тұрағы. Жабайы сауда да әлгі жердің сүреңсіз тіршілігіне «сүбелі» үлесін қосып тұр. Қонақүйдің айналасы кір-қоқысқа толы. Қонақүй деуге ұяласың, Абайдың атында деуге аузың бармайды.

Бұл жердің «тіршілігі» түнде қызады. «Пәтер керек пе, қыз керек пе?» деген сутинерлардың жұмысы жанданып-ақ тұр. Соған сай сұраныс та аз емес сияқты. Атың өшкір жезөкшеліктің тамырына балта шабу мүмкін де емес шығар. Бірақ осының барлығы Абай атамыздың атын иеленген қонақүйдің алдында болып жатқаны сүйегімізге таңба емес пе?!
Сыртқы көрінісі көңілге қаяу түсіретін Абай қонақүйінің ішкі жағдайымен де танысып қайттық, жақында. «Келіңіздер, қандай бөлме керек?», - деді бізді құшақ жая қарсы алған қонақ үй әкімшісі, бөлмелердің бағасы жазылған қағазды ұсынып. Мұнда бөлмелердің тәуліктік бағасы екі жарым мыңнан жеті мың теңгеге дейін екен. Орташа бағадағы бөлмелердің бірінің жағдайымен танысып шықтық. Қабырғаға жапсырылған тұсқағазды кір басқан, еденге төселген линолиум ауыспағалы біраз болған сияқты, кейбір жерлері жыртылып, көзге оғаш көрініп тұр. Есіктерінің де әбден тозығы жеткен. «Люкс» деп әспеттелген бөлмелердің де оңып тұрғаны шамалы. Мұндай жерде тазалық туралы әңгіме қозғаудың өзі ыңғайсыздау сияқты. «Мұнда есіктің алдындағы қыздардың бірін әкелуге бола ма?» дегенімізде әкімші сәл тосылып қап, «жоқ» деп жауап қайырды. «Қонақүй жезөкшелердің ордасына айналып отырған жоқ па екен, осы?» деген күдікті ойымызға жауап алғымыз келген. Қысқасы Абай қонақүйінің сыртқы да, ішкі де көрінісі көңіл көншітерлік емес. Жынойнақтың, кір-қоңның арасындағы «Абайға» жанымыз ашыды. Құзыретті орындардан да жаны ашитын құймақұлақ табылса, қанекей?!
Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:
- Егер қоғамға пайдалы зат болатын болса, оған алаш ардақтыларының есімдерін бергеннің ешқандай сөкеттігі жоқ. Қазір әлемдік жарнама жасаудың түрлі үрдістері бар. Біз соны үйренуіміз керек. Мәселен, ұлы есімдер жазылған жейделер, бейсболкалар шықса қандай жақсы болар еді. Сол арқылы жастар әлгі есімдерді біліп, «жүрегіме жақын ұстап жүрмін» деп киіп жүретін еді. Әрине, кейбіреулер тым қарапайым, тазалығы нашар мекемелерге де алаштың ардақтыларының есімдерін бере береді. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Ондай есімдерді әсем, еңселі ғимараттарға берген дұрыс.
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
- Әрине, киелі есімдерді киелі, жақсы мақсаттарға жұмсаған дұрыс. Егер ондай есімдерді кез-келген жерде пайдалана беретін болсақ, қасиетсіздік болып саналады. Себебі, ұлттық есімдердің артында ұлттың намысы, рухы тұрады. Өздеріңіз білесіздер, қазір көрінген затқа ардақтылардың есімдерін беру дәстүрге айналып барады. Мұндай үрдісті болдырмау үшін жарнама туралы заңға толықтырулар енгізу керек. Әлгі жағдайдың екінші жағымсыз жағы да бар. Ол ұлтаралық, руаралық бәсекелестікті тудыруы мүмкін. Ондайдың бізге еш қажеті жоқ.
«Халық сөзі» газеті