Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2363 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 08:39

Төлеген Жүкеев: «Әбіқаев отставкаға кетуі керек»

«Арқанкерген» шекара бекетінде болған жағдайға қатысты түрлі болжамдар мен пікірлер айтылуда. Бірақ мәселенің ақ-қарасын айырып, оның мәнісін дөп басып айтатын тұлғаның сөзі естілмейді. Шекараға қатысты даулы мәселенің басын ашу үшін Janaozen.net порталы ел саясатының білгірі, қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалаған қайраткерлердің бірі - Төлеген Жүкеевке хабарласты.

- Қазақстан-Қытай шекарасында болған оқиғаны қалай бағалар едіңіз? Екі күн бойы мемлекет шекарасының ашық қалуына жол беруді қалай түсінуге болады?

«Арқанкерген» шекара бекетінде болған жағдайға қатысты түрлі болжамдар мен пікірлер айтылуда. Бірақ мәселенің ақ-қарасын айырып, оның мәнісін дөп басып айтатын тұлғаның сөзі естілмейді. Шекараға қатысты даулы мәселенің басын ашу үшін Janaozen.net порталы ел саясатының білгірі, қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалаған қайраткерлердің бірі - Төлеген Жүкеевке хабарласты.

- Қазақстан-Қытай шекарасында болған оқиғаны қалай бағалар едіңіз? Екі күн бойы мемлекет шекарасының ашық қалуына жол беруді қалай түсінуге болады?

- Бұл - тек қана сорақылық емес, халқымыз үшін үлкен трагедия. Бұрын-сонды шекарада мұндай оқиға болған емес. 14 адамды бірден қырып тастау деген сұмдық қой! Бұл, әрине, шекара басшылығындағы басқару сапасының төмендігінен және олардың жауапкершілігінің жоқтығынан болған жағдай. Болған жағдайды басшылықтың кеш білуі де ақылға қонымсыз. Шекара қызметкерлерінің тәртібі болады. Оған сай шекара бекеті бірнеше сағат сайын бөліммен хабарласып тұруы керек. Өздерінің іс-қимылы мен әрекеттерін хабарлап отыруы керек. Хабар болмаған жағдайда, отряд басшылары ол аймаққа жасақ тобын жіберуі тиіс. Керек болса, тікұшақпен жедел түрде жетіп, шара қолдануы керек. Осының барлығы да уақытылы жасалмаған. Енді бұл қателікті қайталамас үшін, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатқан шығар. Бірақ болар іс - болды. Бұл тәртіптің жоқтығын көрсетті. Трагедияның орын алуына отряд, застава басшылары, «Шығыс» аймақтық шекара қызметіне жауап беретін азаматтар, оның басшысы Нұржан Мырзалиев тікелей жауапты.
- Шекара қызметі Ұлттық қауіпсіздік қызметіне қарасты екенін білеміз. Бұл органның жауапкершілігін қалай бағалайсыз? Бұл оқиғадан кейін ҰҚК басшысы Нұртай Әбықаев отставкаға кетуі тиіс дейтіндер де бар. Сіз қалай ойлайсыз?
- Шекара қызметін басқаратын Мырзалиев те, ҰҚК-ні басқаратын Әбіқаев та жауапты. Моральдық тұрғыдан қарағанда, демократиялық елдерде қайсыбір орган - министрлік болсын, өз саласында мұндай қателік кетсе, бірден отставкаға кетеді. Кім жауапты деген мәселе талқыланбастан, ҰҚК басшысы, орынбасары, бөлім басшылары жұмыстан кетеді. Өйткені қандай жағдай болса да, жұмысқа ие бола алмаған басшылық жауапты. Моральдық, саяси этика негізінде бәрі отставкаға кетуі міндетті еді. Сондықтан Әбіқаев отставкаға кету керек деген ойды мен де қолдаймын.

- Ал шекара қызметінің ҰҚК-ға қарасты болуына көзқарасыңыз қалай? Бәлкім, шекара саласын ҰҚК басқаруына берген дұрыс емес шығар? Оны арнайы, бөлек мекеме ретінде құрған дұрыс па?

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, 1992 жылы шекара қорғау қызметін құрдық. Ал тоқсаныншы жылдардың ортасында менің ұсынысыммен шекараны қорғау мемлекеттік комитеті бөлек құрылды. Сол уақыттан бастап, комитет ҰҚК қол астынан шығып, тек президентке бағынатын жеке орган болды. Бұл шекара қызметінің құзырын кеңейтіп, оны күшейту мақсатында жасалды.
Шекараны қорғау - мемлекетті қорғау деген сөз. Сол үшін де бөлек ведомство құрып, бұл саланы барынша күшейткен едік. Ал мен қызметтен кеткеннен кейін 2-3 жыл ғана сол жүйе сақталып, кейіннен шекара қызметін Қорғаныс министрлігіне қосты. Бұл мүлде қате шешім болды. Себебі қорғаныс министрлігінің атқаратын функциясы мен шекара қызметінің функциясы екі түрлі. Бұл - тарихта болмаған, ақылға қонымсыз біріктіру. Одан кейін барып оны ҰҚК құрамына кіргізді. Бұл да дұрыс емес. Мемлекеттік шекараны қорғау - мемлекет қауіпсіздігінің мүлде басқа саласы. Оның өз құзыреті, өз жауапкершілігі мен мемлекеттен бөлінетін жеке бюджеті болу керек. Сонда ғана қосалқы сала ретінде емес, жеке өзі жауапкершілік алар орган болар еді. Өз қызметіне тиянақты жауап берер еді. ҰҚК құзырына барлық саланың берілуі дұрыс емес.

- Нұртай Әбіқаев ҰҚК басшылығына келгелі Таразда, Ақтөбеде терактілер болды. Жаңаөзен трагедиясы... енді, міне, шекарада осындай жағдай орын алды. Байқасаңыз, бұл істер бойынша үнемі тергеу тобы басшылығына тікелей жауапты ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаев емес, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тағайындалады. Неліктен? Әлде бұл Әбіқаевты қорғап қалудың тәсілі ме?
- Шынында да, бұл қызық жағдай. Ақтөбеде, Таразда, Жаңаөзенде болған жағдайға қауіпсіздікке жауап беретін тұлғалар емес, полиция қызметкерлері жауап берді. Ал Ұлттық қауіпсіздік қызметі барлығын тек сырттан бақылап жүрді. Бұл - Нұртай Әбіқаевтың жауапкершіліктен жалтаруы. Үнемі Қалмұханбет Қасымовты алға тартып, басқалар тасада қалады. Меніңше, бұл - Қасымовтың қателігі. Оның алды-артын ойламай, режим қорғаушысы рөлінде болғанға мәз болып, барлығына келісе беруі. Қасымовтың ойланбай айтқан сөздерінің бірі - «Жаңаөзендегідей жағдай қайталанса, оқ атуға бұйрық беремін» дегені. Бұл оның ақылының деңгейін анық көрсетті. Министр деңгейіндегі адамның мұндай сөз айтуы ақылға сыймайды. Себебі министр болған адам ол технократ деңгейінде емес, саясаткер ретінде ойлануы тиіс. Ол тек қана полицей емес, саясаткер екенін ұмытпауға міндетті. Сондықтан ол жас бала сияқты президентке жағынып жүгіре бермей, алды-артын ойлануы тиіс еді. Саяси деңгейде ойланып, халықтың не дерін де, олардың көз алдындағы бейнесін де ойлауы тиіс еді. Ондай жоғары лауазымды адам саяси деңгейде ойлануы тиіс. Саясаттан хабары болуы керек. Керек болса, психология, антропология мен социологияны меңгеруі тиіс. Онсыз болмайды. Онсыз ол жауапты министр бола алмайды. Білімі мен білігі жетпесе, мойнына ондай жауапкершілікті алмауы керек.

- ҰҚК-нің ешбір мемлекет қауіпсіздігіне қатысты істердің алдын алғанын көрмедік. Тек болған оқиға бойынша тергеу жүргізеді. Осыған қарап, олардың қызметіне қарап қандай баға беруге болады.

- ҰҚК-ні барлығына жауапты етуге болмайды. Онда біз полицейлік мемлекетке айналамыз. Десек те, Ұлттық қауіпсіздік қызметі қауіптің қайдан келетінін алдан ала болжап, ескертіп отыруы тиіс. Ал елдің ішінде Теміртауда, Жезқазғанда, Жаңаөзенде болған жағдайға жергілікті жердің басшылары жауап береді. Бірақ кейбір мәселелердің деңгейі тым жоғары болады. Жаңаөзен оқиғасы кезінде ештеңе білген жоқпыз деген «Қазмұнайгаздың», «Самұрық-Қазына» қорының басшылары, бірнеше министрлік басшылары болды. ҰҚК өздерінің иерархиялық жүйесімен жүріп, жоғарыдағыларға хабар беруі керек еді. Президентке болып жатқан жағдайды мәлімдеп, жергілікті басшылардың ешқандай істі қолына алып жатпағанын, оның арты қауіпті болатынын ескерту керек еді. Бұл олардың тікелей міндеті. Бірақ араласу олардың міндеті емес. ҰҚК-ні ішкі істерге араластыруға болмайды. Онда таза тоталитарлық мемлекетке айналамыз.
- Әңгімеңізге көп рахмет!
Инга ИМАНБАЙ

САРАПШЫ ПІКІРІ

Біз Төлеген Жүкеев мырзаның «шекара қорғау қызметін ҰҚК-нің құзырынан шығару керек» деген пікіріне орай шекара әскерлерінің аға офицерін (белгілі себептерге байланысты аты-жөнін атай алмаймыз) сөзге тарттық.
«Сөз жоқ, шекара күзету қызметі мемлекеттік статусы бар дербес сала болуы керек. Өркениетті әлемдегі жағдай осындай: шекара қызметі - мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомство, - дейді шекара әскерінің полковнигі.
Бірақ біздің елде мұндай дербестік жуық арада болмайды. Себебі шекара қорғау қызметі үлкен көлемдегі күрделі қаржыны қажет етеді және қазіргі жағдайда бюджеттен ондай қажетті сома шекара ісіне тиісінше бөлінеді. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бұл ассигновенияның жартысы да бөлінбейді. Ал бөлінген қаржыны игеру мәселесі қоғамның бақылауынан тыс қалған -құпия есеп саналады. Сондықтан ҰҚК-ның лауазымды шенеуніктері мемлекеттік қаржыны судай сапырыстырып, өзара талан-тараждың көзіне айналдырған. Мәселен, басқа шығынды айтпағанда, елдегі он бес мың шақырымға жуық шекарадағы «КСП» -ны (контрольно-следовая полоса) әрбір нөсер жауыннан кейін жаңартып, жыртып отыру керек. Ал оны екі нөсерде жырттың ба, жоқ әлде айына бір рет жырттың ба - оны кім зерттеп, біліп жатыр.
Оның үстіне ҰҚК басшылығы президентке «біз ел қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз ету үшін, шекара әскері біздің құрамда болуы керек» деп, үнемі теріс ақпарат беретін сияқты. Ал ол «қауіпсіздіктің» құрамына оппозициямен күрес шаралары кіретін болғандықтан, президент өз мүддесіне сай жақтың сөзіне құлақ асады. Айналып келгенде, «мемлекеттік қауіпсіздік» деген желеумен шекараның қалың қаржысына «чекистер» мұрттарын матырып қойған».

Түпнұсқадағы тақырып: Шекара қорғау қызметін
«КОНТОРАНЫҢ» ҚҰЗЫРЫНАН
шығару керек

«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 25 (153) 13 маусым 2012 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435