Қожағапанов премьердің кеңесшісі болды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында туған. Еңбек жолын 1989 жылы бастады. Осы жылдар ішінде ол жеке секторда, мемлекеттік органдарда және кәсіпорындарда жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2021 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеді. 13 қыркүйекте ол бұл қызметтен алынды.
Abai.kz