Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
2397 0 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 12:09

810: Қазақстанда есірткі сатқан сайттар бұғатталды

"Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында есірткі сататын 800-ден астам сайт бұғатталды" деп мәлімдеді брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов.

"Ағымдағы жылдың 8 айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның ішінде 58 жарнама бойынша және 69 интернет арқылы сату бойынша. Есірткі тарататын 810 сайт бұғатталды", - деді Әмірханов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері 129 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. Сонымен қатар 11 дәрілік зертхана жойылған. Ол брифингте Ақтөбе облысында 28 жастағы есірткі сатушы ұйымдастырған зертхана жойылғанын айтты. ІІМ мәліметінше, ұсталған азаматтың үйінде тінту кезінде салмағы 47 грамнан асатын психотроптық зат салынған пластик пакет табылып, тәркіленген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1414
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1061
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993