Цой: Коронавирус тұрақталып келеді
Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясының таралуы 35%-ға төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді.
"Соңғы аптада Қазақстанда аурушаңдық деңгейі 14%-ға төмендеді, бұл аптасына 31-ден 25 мың жағдайға дейін түсті деген сөз. ДДҰ мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы төрт аптада репродуктивті сан біреуден төмен болды, бұл пандемияның бақылауда екенін және аурудың тұрақты төмендеуін көрсетеді", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Министрдің айтуынша аурудың оң динамикасы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында көрініс тапты. Соңғы екі аптада республиканың бес облысы «қызылдан» «сары» аймаққа көшті, бұл: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта тек Түркістан облысы бар. Қалған 11 аймақ «қызыл» аймақта тұр.
Abai.kz