Терісайрықты тастай қашқан 11 шекарашы табылды
«Зайсан» шекара жасағындағы «Терісайрық» қосынынан қашып кеткен 11 шекарасы сарбазды іздеу тобы шекарашыларды бүгін сағат 13:40-та Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданының Жаңаталап елді-мекенінен 18 шақырым жерден дін аман тапқаны туралы Қазақпарат агенттігі ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлапты.
Жоғалып табылған шекарашылар «Терісайрық» қосынына қайтып бара жатқан көрінеді. Оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім. Істің енді қалай өріс алатыны тағы белгісіз.
Қазақстан-Қытай шекарасында тағы ши шықты. Ақпараттарға сүйенсек, «18 маусым күні таңертең «Шығыс» аймақтық басқармасына қарасты Зайсандағы Терісайрық шекара заставасында жедел қызметтегі 11 шекарашы заставаны тастап кетіп қалған».
Застава бастығы шекарашылардың шекара күзетін тастап кетіп қалғанын құзырлы орындарға хабарламай, оларды өз іздеп табуға әрекеттенген. Ақыры, сарбаздарды таба алмай қайтқан Застава бастығы 11 шекарашының күзетті тастап кетіп қалғанын хабарлаған.
Мұндай оқиғаның орын алғанын ҰҚК шекара қызметі де растаған. Ал, 11 сарбаздың қайда кеткені белгісіз, ұшты-күйлі жоқ. Әскери прокуратура оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап та жіберіпті.

Арқанкерген оқиғасынан кейін шекара мәселесіне бүкіл елдің назары ауып отырғаны белгілі. Енді, міне, тағы 11 сарбаз мемлекеттік шекара күзетін тастай қашыпты. Әзірге сарбаздардың мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз.
Бұл оқиғаға қатысты жедел ақпараттар шыққан бойда оқырманға ұсынатын боламыз.
«Абай-ақпарат»