Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2173 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 11:03

Әбсаттар қажы Дербісәлі. Отыз күн ораза ұстау – ұлық ғибадат (үндеу)

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!

2012 жылдың 20 шілдесі - қасиетті Рамазан айының бірінші (1) күні

Жарылқаушы айда КӨП  жақсылық жасайық

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ,

ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІНІҢ

министрліктер мен түрлі сала жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсіпкерлер мен жалпы ел халқына

алдағы қасиетті Рамазан айына байланысты

ҮНДЕУІ

Құрметті бауырлар, отандастар!

Тәуелсіз еліміз әлем жұртшылығына өзінің ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел ретінде танылды. Аз уақыт ішінде ғасырға татырлық жұмыс атқарылғанымен әлі де өз кезегін күткен шаруалар жетерлік. Біздің ең үлкен байлығымыз - отанымыздың тыныштығы мен татулығы. Осыған орай жұртымыздың дамуына әрбір азаматымыздың қосар үлесі зор деп білемін.

Мұсылман үшін отыз күн ораза ұстау - ұлық    ғибадат. Бұл күндерде ораза ұстаумен қатар мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау да Алла құзырындағы сауабы мол амалға жатады. Исі мұсылман баласы қасиетті рамазан айында сауаптан үміттеніп көптеген игі істер жасауды әдетке айналдырған.

Келе жатқан қасиетті Рамазан айында мүмкіндігі бар отандастарымды Алла разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасауға шақырамын. Өкініштісі жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағалары күрт қымбаттап шыға келеді. Бұл, әрине, халықтың орынды ренішін туғызады. Рамазан біз үшін берекесі мол, Алланың рахымы мен мейірімі жауатын ай екенін ұмытпайық. Бұл айда жасалған әрбір ізгі амал өзге айларға қарағанда сауабы еселеп артатыны сөзсіз. Сондықтан осынау мүбәрак айда түрлі мекеме басшылары мен кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жаратушы Иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің, киім-кешектің, құрылыс заттары мен жанар-жағар майдың, мектеп формасы мен оқулықтарының, демалыс лагерлері мен шипажайлардың, мейрамханалар мен асханалардың бағасын 10 пайызға түсіріп, жеңілдік жасауға шақырамын. Қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық қызмет төлемақылары мен телекоммуникациялық байланыс тарифтері  де осылай төмендетіліп, жатса, нұр үстіне нұр. Өткен 2011 жылы  да осындай үндеу жариялағанымызда Бізге қолдау білдіріп, өздерінің өнімдерінің бағасын 10-30 пайыз арасында төмендеткен бауырларымызға Алла разы болсын.

Қадірменді отандастарым!

Қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, дініміз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болайық. Рамазан айының құрметіне және басқа да айларда мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі дастарханға қойылмаса және дүкендерде сатылмаса. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде Алла тағала ішімдік ішкенді, ішкізгенді, сатқанды, сатып алғанды, сондай-ақ оны жасап шығарғанды да лағынеттеген.

Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, бұттарға табыну және бал ашатын оқтар - ластық, шайтанның iстерi. Мұратқа жетем десеңдер олардан аулақ болыңдар», - делінген («Маида» сүресi, 90-91 аяттар).

Бұл үндеу барша адамзат баласына мол ризық беруші Алла тағаланың разылығына біздің жұртымыз мұнан әрі қарай да бөленіп, сауабына ие бола берсе, бұл ізгі амал басқа айларда да жалғасса деген ізгі мақсаттан туып отыр. Жарылқаушы айда сауапты амалдар - халыққа жақсылық жасаудың осынау орайы келген қолайлы сәтін мүмкіндігінше пайдаланып қалайық, ағайын!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406