Сенбі, 23 Қараша 2024
3131 7 пікір 17 Қыркүйек, 2021 сағат 09:41

"Әділ сөз": Әлемде 12 ел ғана әлеуметтік желіні шектейді

Әлемде әлеуметтік желіні шектейтін 12 ел ғана бар, олар сөз бостандығы бойынша артта келеді. "Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымының 16 қыркүйек күнгі мәлімдемесінде осылай деп жазылған.

Бір күн бұрын мәжіліс Қазақстанда өкілдігі жоқ әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы заң жобасына түзетуді бірінші оқылымда мақұлдаған. Түзету қоғамда түрлі пікір туғызған.

Бейсенбі күнгі мәлімдемесінде "Әділ сөз" депутаттардың бұл әрекетін сынап, аталған норма ақпарат алу мен тарату, интернетті пайдалану құқығын шектейді деп мәселеге алаңдаған.

Қор өкілдерінің пікірінше, депутаттар балалар қылмысы мен суицидтің көбеюін интернеттен көріп отыр. Ендеше "ас үй пышақтарын шығаратын өндірушілерді де өкілдік ашуға міндеттеп, пышақтау қылмысын азайтайық" деп сынады баспасөз қоры.

"Балаларды интернеттің көмегімен улап жатыр. Кибербуллинг – психологиялық олқылық, агрессия, қылмыс тіпті суицид жасауға себеп дейді. Ал отбасы, мектеп, медицина және тағы басқалар депутаттар үшін мәселе емес сияқты. Ақпарат министрлігінің де мазасы кеткен: 2020 жылы шамамен 20 мың кибербуллинг фактісін анықтап, сондай материалды жою жөнінде 1,8 мың өтініш жазған" делінген қор мәлімдемесінде.

Қор өкілдері Facebook'та қазақстандық қолданушылар үлесінің аз екенін алға тартып, "ал егер бұл алып компания Қазақстанда тіркелгісі келмесе ше?" деген сұрақ қояды.

"Әділ сөздің" дерегінше, әлемде 12 елде ғана мессенжер мен әлеуметтік желілерді шектейді, ал оларды дамыған елдер қатарына кіргізу қиын, есесіне олар сөз бостандығы бойынша артта келеді. "Біздің депутаттар не үшін Қазақстанды солардың қатарында көргісі келеді екен?" деп жазды мәлімдеме авторлары.

"Бұл норма ақпарат алу мен тарату, интернетті пайдалану құқығының шектелуіне апарады, Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында беделін төмендетіп, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кіруіне, елге инвестицияға тартуға, азаматтар мен бизнестің іскерлік белсенділігінің төмендеуіне, жарнама мен электронды сауданың дамуына кедергі жасайды" делінген мәлімдемеде.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417