Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 11145 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 13:00

Білім жүйесіне үштілділік керек пе?

Қазақстан көптілді білім жүйесін дамытпақ. Бүгін Білім және ғылым министрінің төрағалығымен алғаш рет «Қазақстандағы көптілді білім беру жүйесі: даму стратегиясы» атты жиын өтпек.

Білім және ғылым ми­нистр­лігінің мәліметтеріне қарағанда, «Президенттің Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында айт­қан тезисі бойынша әрбір азамат мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілін және ағылшын тілін меңгеруге ұм­тылуы тиіс. Қазақстанда тілдерді оқыту орталықтарын дамыту бойынша жұмыс басталған. Елдегі 33 мектеп үш тілде сабақ береді. Жекелеген жоғары оқу орындарында көптілді білім беруді енгізу бойынша жұмысқа кіріскен». Көптілді білім беру жүйесін дамытуға арналған жиында Қазақстанның басым салалары бойынша көптілді мамандарды әзірлеу мәселесі талқыланады. Көптілді білім беруді енгізу қазақстандық тү­лектердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай жасамақ деп есептейді министрлік.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ, Пар­ламент депутаты:
- Қазақстанда бірде-бір қа­зақша мектебі жоқ қалалар бар. Павлодар, Қостанай, Қарағанды сияқты облыстарда қазақ мек­тептерінің тапшылығы айтылған. Қазақ тілінде білім беру жүйесі мәселелері шешілмей тұрып, үш тілді қатар оқыту дұрыс па?
- Қазақ тілінде мектептер бар. Қазақша оқимын деген бала жоқ шығар? Жақында Ақмола облысының бір ауылында бол­дық. Сонда бір кісілер қазақ мек­тебін өздері қалай аш­қан­дарын айтып берді. Қазақ сы­ныбына бару үшін 4-5 бала ғана жиналыпты. Сонан кейін 5-6 кісі өзара келісіп, 2-орыс сыны­бында оқитын балаларды қайта қазақ тілінде оқытатын 1- сыныпқа әкеліпті. Осылай олар қазақ сыныбын құрып, ақыры қазақ мектебінің ашылуына мұрындық болған. Яғни, ең ал­дымен ата-аналармен жұмыс істеуіміз керек. Кейбір мемле­кеттерде 4 жасқа дейін балаға өзінің ана тілінен өзге тілдерді естіртпейді. Отбасының барлық мүшесі сәбиге тек ана тілінде сөй­лейді. Сонан кейін ғана басқа тілдерді үйрете бастайды. «Ана тілі ана сүтімен енсе, ол ешқашан естен кетпейді» деген сөз бар. Осы мәселені қолға алуымыз керек.
- Ол үшін қазақша балабақ­шалары қажет болар?
- Ең алдымен, отбасында қазақша сөйлеу керек. Сонан кейін қазақша балабақшалар қажет. Егер балабақшаларында, бәлкім, 5 жасқа дейін ана тілінде ғана сөйлесе, кейін үнді тілінде са­бақ оқытса да, бала ана тілін ес­тен шығармайды.
- Бірінші сыныптан бастап, үш тілде сабақ оқыту жүйесі тиім­ді ме?
-­ Әзірге министрлік мұны жаппай енгізіп жатқан жоқ. Жоба ретінде әр аймақтан бірер мектептен алып, байқап көр­мекші. Әзірге оны жақсы, жаман деп айту қиын. Бала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бірдей сөй­лесе, оның еш жаман жері жоқ. Оған тек қуануымыз керек. Біз кезінде ағылшын тілін оқымадық. Қазір іссапарға барсақ, мылқау адамдай жүреміз. Сондықтан балаларымыз қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тiлiн біліп, бар­ған же­рінде сол тілдерде сайрап жатса, бұдан еш жамандық көрмейміз. Әзірге мектеп емес, қазақ тілін отбасы мен бала-бақшадан кө­теру керек.
Мұсылмандарда сәби туыл­ғанда құлағына азан айтады. Алланың атын естіртеді. Бұл баланың миына ең бірінші Алла кірсін деген мақсатта жасалады. Сол сияқты 4-5 жасқа келгенше, ана тілі сәбидің санасына енсе, ондай бала ешқашан ана тілін ұмтыпайды.

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор:
- Жалпы, бұл тілдердің ба­лансы, тілдердің теңдігі туралы ой тудырады. Сондықтан кейбір елдерде 2-3 тіл оқыту етек алған. Бірақ екі-үш тілде оқытатын мем­лекеттерде ана тілінің, мемлекеттік тілдің меңгерілуіне көп мән беріледі. Егер мемле­кеттік тіл әлі де әлсіз, осал, тұ­ғыры берік болмаса, үш тілді меңгеру мақсат етіп қойыл­май­ды. Сондықтан Қазақстанда үш тілді білім беру жүйесін ең ал­дымен, қазақ мектептерінде қа­зақ тілін терең меңгерген 10-11 сыныптарға қолдануға болады. Мектепке дейінгі буыннан бас­тап үш тілді енгізу - мемлекеттік тілдің болашағына үлкен қауіп төндіретін саясат. Егер оқушылар қазақ тілін мықтап меңгерсе, он­да басқа тілдерді де оқуға бо­лады. Жалпы, бұл саясатты қол­дай отырып, қоғамда «үш тұ­ғырлы тіл саясаты қоғамда мем­лекеттік тілді әлсіретуі мүм­кін» деген пікірдің тарағанын да ескерген жөн.

Айжан КӨШКЕНОВА

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379