Коммунист депутат ортақ тіл - орыс тілі болғанын қалайды
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Еуразиялық Одақта ортақ валюта қолданып, кейбір ресейлік депутаттардың орыс тілінен ортақ тіл жасау туралы идеялары қазақстандық депутаттар арасында қолдау табуда. Мәжіліс депутаты, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков ортақ валюта қажеттігін айтып, ал ортақ тіл орыс тілі болса, қарсы еместігін білдірді.
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Еуразиялық Одақта ортақ валюта қолданып, кейбір ресейлік депутаттардың орыс тілінен ортақ тіл жасау туралы идеялары қазақстандық депутаттар арасында қолдау табуда. Мәжіліс депутаты, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков ортақ валюта қажеттігін айтып, ал ортақ тіл орыс тілі болса, қарсы еместігін білдірді.
- Еуразиялық Одақ кеңістіктігінде қызмет ету - өте дұрыс шаруа. Ресей, Беларусь, Қазақстанның бұрыннан келе жатқан дәстүрі, экономикалық қана емес, әлеуметтік тығыз байланысы, достастығы бар. Одаққа қосылғысы келетін Қырғызстан, көрші Өзбекстанмен де экономикалық байлынысымыз бұрыннан мығым болған. Сондықтан, бірден осы байланыстарды үзіп жіберіп, жаһандану кезінде жалғыз өмір сүру - қиын жағдай. Экономикалық, интеграциялық процестер жүрмей, халықтың әл ауқатын да көтере алмаймыз. Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, басқа елдермен келісім-шарт жасасып, өз мүддемізді қорғап, басқалардың мүддесіне тиіспей, ортақ шешімге келуге тиіспіз. Бұл - Еуразиялық одақ құру. Ал одақ құрғаннан кейін шекараларымыз ашық, визасыз кіріп‑шығып жүрсек, онда неге ортақ валюта қолданбасқа?! Сонда бір елден екіншісіне кірер кезде валюта айырбастап әуреге түспейміз. Бірақ ортақ валюта ресейлік рубль, қазақстандық теңге, беларусь ақшасы емес, осы ынтымақтастық ішінде жүретін ортақ валюта болуы тиіс. Ал шекаралар ашық болғанымен, оны алып тастау керек деген пікірмен келіспеймін. Әр мемлекеттің шекарасы ешқашан бұзылмай, тұруы керек.
Ортақ тіл мәселесін Қазақстан өте дұрыс шешіп қойған. Біздің мемлекетте ресми тіл - орыс тілі. Егер басқа да мемлекеттерде халық қай тілде көбірек сөйлесе, ортақ тіл орыс тілі болса да, ештеңе етпейді. Өйткені бізде ортақ тіл, ресми тіл - орыс тілі. Басқа мемлекеттер де орыс тілін ресми тіл ретінде қабылдаса, бұл империяның көрінісі болып саналмайды. Бұл қайта ортақ мәселелерімізді шешуге, қарым-қатынасымызды нығайтуға көп әсер етеді. Егер ортақ тіл ретінде қазақ немесе беларусь тілін алайық десек, бәрі жапатармағай оларды үйрене бастауы деген мәселе емес қой?! Өзімізде дайын тұрған жағдайды құртпай, соған ақырындап, жайлап, баппен келіп, қолданса, алға жылжуы тиіс. Жеке жүрсек, дағдарыс жеп қоюы мүмкін, ал өзара байланысты бұзу қиын болмақ.
Мақаланың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/880 - сайтынан оқи аласыздар.