Жексенбі, 24 Қараша 2024
4639 38 пікір 1 Қазан, 2021 сағат 15:06

Абаев АЭС салу керек дейді

ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев энергия тапшылығының қаупіне байланысты Қазақстанда АЭС салу идеясын қолдайтынын айтты. Бұл туралы kznews.kz мәлімдеді.

«Бізде қазірдің өзінде солтүстік пен оңтүстік арасындағы энергия теңгерімсіздігінің күрделі мәселесі тұр. АЭС – сән-салтанат емес, өмір сүруге қажеттілік. Өкінішке қарай, күн де, жел де әлі күнге дейін мұндай арзан энергияны бере алмайды. Бұл жолды қолдасақ энергия тапшылығы жойылып, экономиканың еңсесі көтеріледі», – деді Дәурен Абаев “Ашық диалог” бағдарламасында.

Ол Чернобыль атом электр станциясы мен Фукусима-1 апатына байланысты халықтың туындаған алаңдаушылығын түсінуге болатынын қосып өтті. Бұдан бөлек, қазақстандықтар Семей ядролық полигонынан алған зардаптарынан толық арылған жоқ деп есептеді ол.

«Қорқыныш әрқашан болады. Бірақ бүгінде энергетик мамандардың көпшілігі атом электр станциясын құру қажетті қадам екеніне бірауыздан келіседі. Басқа жолмен ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бізге қиынға соғады. Барлық көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО қондырғыларының жартысына жуығы ауыстыруды немесе қайта жөндеуді қажет етеді. Көмірді пайдаланудың өзі көміртегі қалдықтары деп аталатын төлемдердің енгізілуімен қымбатқа түсуі мүмкін», – деді Абаев.

Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары бүгінгі күні реакторлардың құрылысы мен қауіпсіздігінің нақты стандарттары бар екенін және апат ықтималдылығы өте төмен екенін атап өтті. Дегенмен де, соңғы шешім барлық талқылаулардың нәтижесінде қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан АЭС салатын болса, ресей тарапы көмектесуге дайын екендігін айтқан болатын.

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550