Жексенбі, 24 Қараша 2024
Болған оқиға 4457 1 пікір 5 Қазан, 2021 сағат 16:54

Әлеуметтік желісіз жеті сағат

4 қазан күні Facebook пен Instagram, WhatsApp желілері істен шықты. Артынша өзге де әлеуметтік желілерде қиындықтар туындай бастады. Бұл әлеуметтік желілер тарихындағы ең ірі коллапстың бірі ретінде тарихқа енді. 

Жалпы коллапс 6,5 сағатқа созылды. Facebook тарихындағы 2008 жылдан бергі ең ұзаққа созылған істен шығу осы болды. Мәселе Facebook пен оның басқа әлеуметтік желілерінің сайттарына кіруді қамтамасыз ететін DNS жазбаларындағы қатеге байланысты деген болжам бар.

Сарапшылар DNS жазбаларының жоғалуы жүйенің ішкі өзгерістерінің нәтижесі болуы мүмкін деп болжайды, 2019 жылы да бұзылу себебі осы сервер параметрлерінің өзгеруі болған еді. Кибершабуылдың құлдырауға себеп болуы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Facebook-тің 1,5 миллиард қолданушысы туралы мәліметтер сатылымға шығарылды деген хабарлар бар, алайда Facebook оны жоққа шығаруда.

Facebook қызметкерлері жүйенің ақауына байланысты жұмыс істей алмады, серверлерді қолмен қайта іске қосу үшін арнайы топ жіберілді. Сондықтан да бұл коллапс өте ұзаққа созылды. Тіпті компания қызметкерлері өздерінің офистеріне кіре алмаған.

Бұл істен шығудың тек қана желі қолданушылары емес, сонымен бірге тікелей компания акциялары мен сан түрлы қызмет түрлеріне де кері әсері болды. Мысалы Facebook акциялары 4,87%, Twitter - 5,78%, NASDAQ жоғары технологиялық компаниялар индексі - 2,14%төмендеді. Компанияның негізін қалаған Марк Цукербергтың байлығы 7 сағатта 7 млрд долларға азайып, ол ауқатты адамдар тізімінде үздік үштіктен бестікке төмендеген.

Әлеуметтік желілердің істен шыққаны экономикаға қаншалықты зиян келтіргенін бағамдау мүмкін емес. Жай ғана әлеуметтік желідегі белсенділікті қарасақ, соның өзі жеткілікті. Мысалы Тик-Токта бір минутта 167 миллион видео қаралады, Гуглда 5.7 миллион сұраным болса, Инстаграмда 65 мың фото бөлісіледі. Сонымен қатар 1 минут ішінде Фейсбукта 44 миллион пост жазылып, Амазонда 283 мың доллар сауда жасалады. Бұл танымал желілердегі сату және жарнама деңгейі. Енді дәл осы жарнама мен сату  7 сағатқа тоқтап қалған сәтте компаниялар мен жекелеген дүкендер қагша шығын шеккенін есептей беріңіз. Миллиардтаған доллар.

Бір қызығы 7 сағаттың ішінде Твиттер мен Телеграмға тіркелушілер саны артқан. Телеграмды жазып алушылар саны 50 миллион адамға жеткен. 7 сағаттық коллапс адамзаттың әлеуметтік желімен бітеқайнасып кеткенін анық дәлелдеді және кей мемлекеттерді өз әлеуметтік желісін жасауға итермелеген ойларға түрткі болуы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572